2011 жылы шақыру теліміне 1994 жылы туған еркек жынысты азаматтардың тіркелуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Таран ауданы әкімінің 2010 жылғы 1 желтоқсандағы № 3 шешімі. Қостанай облысы Таран ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 27 желтоқсанда № 9-18-126 тіркелді. Күші жойылды - Қолданыстағы мерзімінің тоқтатылуымен байланысты Қостанай облысы Таран ауданының әкімінің 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 11-02/1717 хатымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қолданыстағы мерзімінің тоқтатылуымен байланысты Қостанай облысы Таран ауданының әкімінің 2011.12.08 № 11-02/1717 хатымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес Таран ауданының әкімі ШЕШТІ:
      1. 2011 жылғы қаңтар-наурызда "Таран ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру теліміне аудан аумағындағы 1994 жылғы туған еркек жынысты азаматтардың тіркелуі ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Таран селосында шақыру пункттері ұйымдастырылсын.
      3. "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының "Таран аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша) "Таран ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (келісім бойынша) бірлесіп тіркеу жөніндегі іс-шараларды өткізуге ұсыныс жасалсын.
      4. Селолық округтердің, селолардың және кенттің әкімдері:
      1) тіркелуден өту үшін комиссияға азаматтардың келуін қамтамасыз етсін;
      2) азаматтардың шақыру теліміне жеткізу үшін ілесіп жүретін адамдары болсын, тасымалдаған кезде жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін шаралар қабылдасын.
      5. "Таран ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) "Таран ауданы әкімдігінің білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесімен бірлесіп 2011 жылы шақыру теліміне 1994 жылы туған еркек жынысты азаматтардың тіркелуін ұйымдастыру және қамтамасыз етумен байланысты қажетті шараларды өткізуге ұсыныс жасалсын.
      6. "Таран ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі шақыру телімдеріне азаматтардың тіркелуіне байланысты іс-шараларды қаржыландыру "Таран ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шығыстар сметасында қарастырылған қаржы бөлу есебімен жүзеге асырсын.
      7. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Таран
      ауданының әкімі                            А. Бондаренко

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Таран ауданының қорғаныс
      істері жөніндегі бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      _______________ О. Имашев

      "Қостанай облысы әкімдігінің
      денсаулық сақтау басқармасының
      "Таран аудандық орталық ауруханасы"
      мемлекеттік коммуналдық қазыналық
      кәсіпорнының бас дәрігері
      _________________________ Н. Әбішев

      "Таран ауданы әкімдігінің
      білім беру бөлімі" ММ бастығы
      _________________ А. Грынькив

      "Таран ауданы әкімдігінің
      экономика және қаржы бөлімі"
      ММ бастығы
      ___________________ В. Пирог

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады