"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5) тармақшасына, 20 бабына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 28 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес, Ұзынкөл ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2010 жылға арналған Ұзынкөл ауданында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 19 ақпандағы № 103 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімде 9-19-124 болып тіркелген, 2010 жылғы 1 сәуірде "Нұрлы жол" газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасында "Жұмыс көлемі" бағанында "19050" деген сандар "134112" деген сандарға ауыстырылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұзынкөл ауданының әкімі А. Сейфуллин
КЕЛІСІЛДІ:
"Ұзынкөл орталық аудандық аурухана"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық
кәсіпорны, бас дәрігер
________________ Қ. Ержанов
2010 жылғы 14 cәуір