Біржолғы талондардың құнын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 327 шешімі. Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 27 қаңтарда № 9-19-146 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 2013 жылғы 18 ақпандағы № 86 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 18.02.2013 № 86 шешімімен.

      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiн (Салық кодексi) қолданысқа енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Заңының 36–бабының 6–тармағына сәйкес Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШТI:
      1. Базар аумағындағы дүңгiршектердегi, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда бiр күнгi сауда бойынша бiржолғы талондардың құны қосымшаға сәйкес белгiленсiн.
      2. Осы шешiм алғаш рет ресми жарияланған күнiнен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      IV шақырылған Ұзынкөл
      аудандық мәслихатының
      кезекті он бесінші
      сессиясының төрайымы                       А. Куанышева

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    В. Вербовой

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы
      қаржы Министрлігі салық
      комитетінің Қостанай
      облысы салық департаментінің
      Ұзынкөл ауданы бойынша салық
      басқармасы" мемлекеттiк
      мекемесі, бастық
      __________________ М. Ерканов
      2010 жылғы 22 желтоқсанда

Мәслихаттың        
2010 жылғы 22 желтоқсандағы 
№ 327 шешiмiне қосымша   

Базар аумағындағы дүңгiршектердегi, стационарлық
үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы
қоспағанда бiр күнгi сауда бойынша бiржолғы
талондардың құны
 


р/н

Қызметпен айналысу
түрi

Бiр күнгi сауда бойынша
бiржолғы талондардың құны
(теңге)

1.

Базардағы тауарларын
iске асыру

212

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады