Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы жастар саясаты туралы" Заңының 4-бабы 5-тармағының 1) тармақшасына, 5-бабының 11) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес, нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде нөмірі 9-20-167 болып тіркелген "Федоров ауданының 2010 - 2012 жылдарға арналған аудандық бюджетi туралы" Федоров аудандық мәслихатының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 264 шешiмiн жүзеге асыру мақсатында Федоров ауданының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Аудандық бюджеттен келесі әлеуметтік төлемдер белгіленсін:
1) қайтыс болған жұмыссыздарды және кәмелетке толмаған балаларды жерлеу үшін республикалық бюджет туралы заңымен тиісті жылға белгіленген, айлық есептік көрсеткіштің он бес есе көлемінде әлеуметтік көмек;
2) туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын тұлғаларға, емделуді қолдау кезінде қосымша тамақтану үшін республикалық бюджет туралы заңымен тиісті жылға белгіленген, есептік көрсеткіштің он есе көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек;
3) республикалық бюджет туралы заңымен тиісті жылға белгіленген, мүгедектер күніне 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға 1000 (бір мың) теңге көлемінде, Чернобыль атомдық электрстанциясындағы апатты жою жұмыстарына байланысты мүгедек болған 1, 2 және 3-топтағы мүгедектер үшін айлық есептік көрсеткіштің жиырма есе көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек, зейнеткерлік жасқа толмаған 1 және 2 топтағы мүгедектерге 1000 (бір мың) теңге көлемінде;
4) бюджетімен қарастырылған қаражаттар шегінде республикалық бюджет туралы заңымен тиісті жылға белгіленген, орташа табысы азық-түлік себетінен төмен болса, тұрмыстық қажеттіліктерге халықтың әлеуметтік жанды жіктеріне, айлық есептік көрсеткіштің жиырма бес есе көлеміне дейін біржолғы әлеуметтік көмек;
5) бюджетімен қарастырылған қаражаттар шегінде республикалық бюджет туралы заңымен тиісті жылға белгіленген, орташа табысы азық-түлік себетінен төмен болса, жеке тұрғын үйде тұратындарға отын сатып алу үшін халықтың әлеуметтік жанды жіктеріне, айлық есептік көрсеткіштің жиырма бес есе көлеміне дейін біржолғы әлеуметтік көмек;
6) республикалық бюджет туралы заңымен тиісті жылға белгіленген, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар болып табылатын аз қамтылған азаматтарға, айлық есептік көрсеткіштің 0,5 көлемінде ай сайынғы әлеуметтік көмек:
7) аудандық бюджет қаражаты есебінен оқитын халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын қатарынан шыққан жастарға техникалық және кәсіби білім, сондай-ақ орта білімнен кейін білім алу немесе жоғары білім алуға байланысты шығындарды өтеу үшін әлеуметтік көмек;
8) республикалық бюджет туралы заңымен тиісті жылға белгіленген, Ұлы Отан Соғысының ардагерлері мен қатысушыларына айлық есептік көрсеткіштің екі есе көлеміне дейін ай сайынғы әлеуметтік көмек.
2. "Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган болып белгіленсін.
3. Мыналар белгіленсін:
1) қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге әлеуметтік көмек, егер ол қаза болған күнге текті уәкілітті органда жұмыссыз ретінде ресми тіркелген болса, әлеуметтік көмек қайтыс болған адамның отбасы мүшелеріне немесе жерлеген адамға тағайындалады және төленеді;
2) әлеуметтік көмек қайтыс болған кәмелетке толмаған балаға егер қайтыс болған баланың еңбекке қабілеті бар әкесі (асырап алушысы, қамқоршысы) баланың қаза болған күніне уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген болса тағайындалады;
3) осы қаулының 1-тармағының 4), 5) тармақшаларда қарастырылған әлеуметтік көмек, әлеуметтік көмек алуға үміткер тұлғаларға олардың еркі бойынша бір негізі ғана бойынша беріледі;
4) уәкілетті орган кеңесші ведомствоаралық комиссиясының ұсынысы негізінде азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау немесе бас тарту туралы шешім, заңдарда белгіленген мерзімде әлеуметтік көмек көрсету жөнінде қабылдайды;
5) әлеуметтік көмекті төлеу, уәкілетті орган берген тізімдерге сәйкес, екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлерін жүргізуге Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банкінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы әлеуметтік көмек алушының жеке есеп шотына ақшалай қаражат аудару жолымен жүзеге асырылады.
4. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарлама бойынша жүргізілсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнің орынбасары О. Ф. Федороваға жүктелсiн.
6. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Федоров ауданының
әкімі А. Корниенко
КЕЛIСIЛДІ
"Федоров ауданының орталық ауруханасы"
мемлекеттік қазыналық коммуналдық
кәсіпорынның бас дәрігері
______________________ В. Финк
26 қаңтардағы 2010 жыл
"Федоров аудандық жұмыспен қамту және
әлеуметтiк бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттiк мекемесінiң бастығы
______________________ Т. Волоткевич
26 қаңтардағы 2010 жыл
"Федоров ауданының экономика және қаржы
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы
______________________ В. Гринак
26 қаңтардағы 2010 жыл