Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін анықтау туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 16 маусымдағы № 200 қаулысы. Қостанай облысы Федоров ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 30 шілдеде № 9-20-181 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 334 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 10.12.2018 № 334 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 18-1 бабының 4-тармағына сәйкес Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу келесі тәртібі анықталсын:

      1) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілер, жұмыстардың түрлері мен көлемдерін атап "Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне мәлімдеме ұсынады;

      2) "Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі:

      комиссия қаралуына құжаттардың дайындалуын жүзеге асырады;

      халықтың нысаналы топтарына қатысатын, оның ішінде жастар практикасын өту үшін, жұмыссыздарға ауданның кәсіпорындар мен ұйымдарда әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруда жұмыс берушілерге әдістемелік көмек көрсетеді;

      комиссия шешімінің негізінде әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатың жұмыс берушілермен шарттарды жасайды, қайсысы әлеуметтік жұмыс орындардың құру және қаржыландыру жағдайлары, оларға жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру тәртібі аңықтайды;

      іріктеуді өткен кәсіпорындар мен ұйымдарға әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру үшін жұмыссыздықтарды жібереді.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары О.Ф. Федороваға жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

Федоров ауданының әкімі

А. Корниенко


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады