Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар үшін және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектеріне, жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 453 қаулысы. Қостанай облысы Федоров ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 30 қаңтарда № 9-20-188 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 354 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 2011.12.05 № 354 қаулысымен.

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-5)5-6) тармақшаларына сәйкес, Федоров ауданының әкiмдігі КАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Федоров ауданының кәсіпорындарында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектеріне, жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайыз мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Н.Қ. Өтегеновке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Қ. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады