Павлодар облысының су объектілерінде ортақ су пайдалану Ережелері туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық мәслихатының 2010 жылғы 4 маусымдағы N 289/25 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 30 маусымда N 3166 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облыстық мәслихатының 2013 жылғы 11 қазандағы N 190/22 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық мәслихатының 11.10.2013 N 190/22 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 8)-тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодексінің 65-бабының 4-тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Павлодар облысының су объектілерінде ортақ су пайдалану Ережелері бекітілсін.
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      Сессия төрағасы                            А. Нұркина

      Облыстық мәслихаттың хатшысы               Р. Гафуров

Павлодар облыстық мәслихатының
(ІV сайланған ХХV сессиясы) 
2010 жылғы 4 маусымдағы  
N 289/25 шешімімен    
бекітілді       

Павлодар облысының су объектілерінде
ортақ су пайдалану Ережелері

1. Ортақ ережелер

      1. Осы ортақ су пайдалану ережелері (бұдан әрі - Ережелер) Қазақстан Республикасының Су кодексі 65-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және Павлодар облысы аумағында орналасқан су объектілерінде ортақ су пайдалануды реттейді.
      2. Ортақ су пайдалану тұрғындардың мұқтаждығын қанағаттандыру үшін, құрылыстарды немесе техникалық құрылғыларды қолданылмай және арнайы рұқсат талап етілмей жүзеге асырылады.
      3. Азаматтардың өмірі мен ден саулықтарын қорғау мақсатында жергілікті өкілді органдар өздерінің өңірлерінде шомылуға, ауыз суға және тұрмыстық мақсатта су алуға, мал суаруға, шағын қайықтар мен басқа да жүзу құралдарымен серуендеуге тиым салынатын жерлерді белгілейді.
      4. Су пайдаланушыларға белгіленген нормативтерден артық мөлшерде зиянды заттарды су объектілеріне төгуге, жер асты және жер үсті су көздерінің су алу алаңдарын ластауға тиым салынады.

2. Ерекше жағдайларда ортақ су пайдалану

      5. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еліміздің қорғанысы мен мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұрғындардың денсаулығын, қоршаған табиғи ортаны және тарихи-мәдени мұраларды, басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында кейбір су объектілері мен олардың бөлімдерін пайдалануға шектеу қойылуы мүмкін.
      6. Ерекшеленген немесе бірлесіп пайдалануға берілген су қоймаларында осы Ережемен бекітілген жалпы су пайдалану талаптары ескеріледі.
      7. Ортақ су пайдалану талаптары мен тиым салуларды жариялау үшін ерекшеленген немесе бірлесіп су пайдалануды жүргізетін тұлғалар облыстың жергілікті сайланған органына оларды қабылдау қажеттілігі негізделген уәкілетті органнын шешімі бойынша өтініш тапсырады.
      8. Бекітілмеген су объектілерінде тыйым салынған белгілер орнату  жергілікті атқарушы органдарымен қамтамасыз етіледі.
      9. Ортақ су пайдалану ретінде мал суару үшін су объектілерін пайдалануға ауыз су көздерінің санитарлық қорғау аумағынан тыс жерлерде және су объектілерінің ластануын болдырмайтын қондырғылар орнатылған жағдайда рұқсат етіледі. Бұған кері жағдайда жергілікті атқарушы органдар мал суаратын алаңдар орналастыру жөніндегі шараларды жүргізеді.
      10. Суда жүзетін жабайы құстар мен терісі бағалы аңдардың, балық және басқа да су аңдары қорының табиғи ортасы болып табылатын су объектілеріндегі ұя салу және уылдырық шашу мезгілінде жергілікті өкілетті органдар ортақ су пайдалану құқығын шектейді.
      11. Павлодар облысында Ертіс өзені бассейнінің су жолдары бойынша жүзу қауіпсіздігін сақтау мақсатында су көліктерінің қозғалысы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі "Ішкі су көлігі туралы" Заңымен реттеледі.
        12. Шомылуға тиым салынатыны және жалпы су пайдаланудың басқа да талаптары туралы тұрғындарға бұқаралық ақпарат құралдары және арнайы ақпараттық белгілер орнату арқылы жарияланады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады