Павлодар облысы әкімдігінің 2010 жылғы 12 ақпандағы "Павлодар облысының жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін бекіту туралы" N 31/2 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық әкімдігінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі N 229/15 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 12 қазанда N 3171 тіркелген. Күші жойылды – Павлодар облысы әкімдігінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 297/5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы әкімдігінің 31.12.2020 № 297/5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңы 28-бабының 3-тармағына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2010 жылғы 12 ақпандағы "Павлодар облысының жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін бекіту туралы" N 31/2 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3156 болып тіркелді, 2010 жылғы 13 наурыздағы N 27 "Звезда Прииртышья" газетінде, 2010 жылғы 13 наурыздағы N 27 "Сарыарқа самалы" газетінде жарияланды) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасындағы реттік нөмірі екі жүз отыз сегізінші жол алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі

Б. Сағынтаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады