Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облыстық мәслихаты аппарат басшысының 03.09.2014 N 1-11/560 хатымен).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 6-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" кодексінің (Салық кодексі) 487-бабына және 2003 жылғы 9 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Су кодексі" 38-бабының 5)тармақшасына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысы бойынша жер үсті су көздерінің ресурстарын пайдалану ұшін 2011 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері көрсетілген шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешiм алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.
Сессия төрағасы Р. Гайнулин
Облыстық мәслихаттың хатшысы Р. Гафуров
Павлодар облыстық мәслихатының
(IV сайланған ХХІХ сессия)
2010 жылғы 13 желтоқсандағы
N 322/29 шешіміне
қосымша
Павлодар облысы бойынша жер үсті су көздерінің ресурстарын
пайдалану үшін 2011 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері
Р/с N | Арнайы су пайдалану түрлері | Өлшем бірлігі | Мөлшерлемелер | |
---|---|---|---|---|
теңге | тиын | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 |
Тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызметтер |
текше метр |
7,38 |
|
2 |
Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса алғанда (өндірістік қажеттіліктер) |
текше метр |
21,21 |
|
3 |
Ауыл шаруашылығы |
текше метр |
5,98 |
|
4 |
Су көздерінің суын пайдаланатын тоған шаруашылықтары |
текше метр |
5,98 |
|
5 |
Су көздерінің суын пайдаланбай тоғандарда балық өсірумен айналысатын балық шаруашылықтары |
өнімнің тоннасы |
150,0 |
|
6 |
Су көліктері |
т.км |
0,82 |