Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 21.08.2013 N 551/4 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 13 және 14-тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 18-1-бабы 4-тармағына сәйкес, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мақсатында қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Нысаналы топтардың жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын барлық меншік нысанындағы жұмыс берушілерді іріктеудің тәртібі қосымшаға сәйкес анықталсын.
2. Әлеуметтік жұмыс орындары халықтың нысаналы топтары үшін ұйымдастырылады.
3. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі нысаналы топтардың жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды жүзеге асырсын.
4. "Ақсу қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген нысаналы топтардың жұмыссыздарының еңбекақысын қалалық бюджетте көзделген қаражаттан және республикалық нысаналы трансферттерден қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулы ол алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасарлары Б.Ш. Ағжановқа және Е.М. Рахымжановқа жүктелсін.
Қала әкімі О. Қайыргелдинов
Ақсу қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 1 ақпандағы
N 40/1 қаулысына
қосымша
Нысаналы топтардың жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру
үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды
ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу ережесі
1. Жұмыс беруші "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Уәкілетті орган) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға тапсырыс береді.
2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеген кезде Уәкілетті орган мынадай талаптарды: кәсіпорынның төлемге қабілеттілігін, жалақыны уақытылы төлеуін, жұмыс орнының қауіпсіздік техникасы нормаларына сәйкестігін, кәсіпорында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі нормаларының сақталуын, жұмыссызға Уәкілетті органмен жасалған шарттың мерзімі аяқталғаннан кейін тұрақты жұмыс беру мүмкіндігін ескереді.
Жұмыс беруші іріктеуге қатысу үшін құрылтайшы құжаттарын немесе жеке кәсіпкердің куәлігін ұсынады.
3. Жұмыс беруші Уәкілетті органмен әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға шарт жасайды. Шартта тараптардың міндеттерін, жұмыстың түрін, көлемін, еңбекақы мөлшері мен шарттарын, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру мерзімі мен көздерін, жолданатын жұмыссыздар санын көрсетеді. Шарт 6 айдан аспайтын мерзімде әрекет етеді. Жұмыс уақытша сипат алады және де оны ұйымдастыру үшін тұрақты және бос жұмыс орындарын пайдалану мүмкін емес.
4. Уәкілетті орган халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарына әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналыстыру үшін жолдама береді.
5. Жұмыс беруші жолданған жұмыссызды әлеуметтік жұмыс орнына қабылдайды, онымен қауіпсіздік техникасы нормаларына сәйкес еңбек шартын жасайды, жұмыс орнын береді және Уәкілетті органға белгіленген тәртіпте: бұйрықтың үзіндісін ұсынады.
6. Жұмыс берушілер еңбекақы төлемі бойынша шығыстардың орнын толтыру үшін Уәкілетті органға белгіленген тәртіпте 5-і күніне ай сайын: жұмыс уақытын есепке алу табелін, әлеуметтік жұмыс орны жөнінде есепті, жалақыны төлеу ведомості мен орындалған жұмыстың актісін ұсынады.
7. Нысаналы топтардың жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеудің осы ережесінің орындалуын бақылау Уәкілетті органға жүктеледі.