Ақсу қаласының Заводская көшесінің атын өзгерту туралы

Жаңа

Бірлескен Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі N 232/3 қауылысы және Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2010 жылғы 14 сәуірдегі N 208/25 шешімі. Павлодар облысы Ақсу қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 29 сәуірде N 12-2-139 тіркелген

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1 тармағы 4) тармақшасына және 31-бабының 2 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" Заңының 13-бабы 4) және 5) тармақшалары негізінде, Ақсу қаласы тұрғындарының пікірлерін және қалалық ономастикалық комиссияның 2010 жылғы 3 наурыздағы қорытындысын есепке ала отырып, Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Ақсу қаласының Заводская көшесінің аты Ілияс Оспанов атындағы көше болып өзгертілсін.
      2. "Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі қала бюджетіне түзету енгізген кезде жоғарыда аталған көшенің атын өзгертумен байланысты жұмыстарды орындауға ақшалай қаражат қарастырсын.
      3. "Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Заводская көшесінің атын өзгертуге байланысты жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етсін.
      4. Осы шешім және қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
      5. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік саясат, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      Сессия төрағасы                            А. Аманғалиев

      Ақсу қаласының әкімі                       О. Қайыргелдинов

      Қалалық мәслихаттың хатшысы                М. Омарғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады