Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 20.02.2014 N 199/28 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңының 25-бабының 3 тармағы 3) тармақшасына сәйкес, Павлодар облысының әділет Департаментінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі N 4-03/2663 ұсынысы негізінде, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 21 желтоқсандағы N 26/5 шешімімен бекітілген қала аумағы мен Ақсу қаласының әкімшілік бағынысындағы елді мекендер құрылысының Ережесіне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 12-2-79 тіркелген, "Ақжол" - "Новый путь" газетінде 2008 жылдың 14 ақпанында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Ереженің 1 тармағындағы "Ақсу қаласының сәулет - қала құрылыс кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) – қаланың сәулет - қала құрылыс келбетін жақсарту мақсатында қала әкімдігімен құрылған консультативтік-кеңестік орган" деген сөздер алынып тасталсын;
Ереженің 6 тармағының 8) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау және табиғи ресурстар мен олардың қоршаған ортаға тигізетін әсеріне байланысты шаруашылық және басқа да қызметті жүзеге асыру барысында қоршаған ортаны қорғау, қалпына келтіру және сақтау саласындағы қатынастарды реттейтін басқа да нормативтік-құқықтық актілерді ұстану."
Ереженің 15 тармағы алынып тасталсын;
Ереженің 29 тармағы алынып тасталсын;
Ереженің 47 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"Тапсырыс берушінің өтініші бойынша жергілікті атқарушы орган 8 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосу жөніндегі сәулет - жоспарлау тапсырмасы мен техникалық шарттарды береді.
Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) жаңа құрылыс үшін жер телімін (учаскені пайдалануға рұқсат) беру (кесу) туралы қала әкімдігінің қаулысы немесе қайта салу (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшін бар объектілерді өзгертуге рұқсат беру туралы қала әкімдігінің қаулысы;
2) жобалауға бекітілген тапсырма."
Ереженің 48 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"Инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету жөніндегі қызмет көрсетулерді жеткізушілер сұраныс алған күннен кейінгі 5 жұмыс күннің ішінде жергілікті атқарушы органға параметрлері және біріктіру орындары көрсетілген техникалық шарттарды береді, немесе берілмеуі жөнінде дәлелді бас тартумен жауап береді."
Ереженің 57 тармағы "сәулет және қала құрылысы органымен" деген сөздерден кейін "және қоршаған ортаны қорғау саласының өкілетті органымен" деген сөздермен толықтырылсын;
Ереженің 86 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"Қала әкімдігінің бар объектілерді өзгерту туралы қаулысы бар тұлғалар сәулет және қала салу бөліміне сәулеттік-жоспарлау тапсырмасын және қажет болған жағдайда техникалық шарттарды алу үшін өтініш береді.
Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) жаңа құрылыс үшін жер телімін (бар учаскені пайдалануға рұқсат) беру (кесу) туралы қала әкімдігінің қаулысы немесе қайта салу (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшін бар объектілерді өзгертуге рұқсат беру туралы қала әкімдігінің қаулысы;
2) жобалауға бекітілген тапсырма."
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік саясат, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Сессия төрағасы Г. Рубцов
Қалалық мәслихаттың хатшысы М. Омарғалиев