Мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтін және оқытатын отбасыларына 2011 жылға әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 19 қарашадағы N 835/6 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 20 желтоқсанда N 12-2-161 тіркелген. Күші жойылды - қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімі аппаратының 2014 жылғы 06 қазандағы N 1-22/1253 хатымен)

      Ескерту. Күші жойылды - қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімі аппаратының 06.10.2014 N 1-22/1253 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 11-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, 29-бабы  7-тармағына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 8-бабы 4-тармағына сәйкес, мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтін және оқытатын отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қалалық бюджеттен әлеуметтік көмектің мынадай түрін көрсетуді қамтамасыз етсін:
      үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары бар ата-аналарға (заңды өкілдеріне) 2011 жылға Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты есе көлемінде тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек.
      2. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті органы болып белгіленсін.
      3. Мыналар белгіленсін:
      1) әлеуметтік көмек үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары бар ата-аналарға (заңды өкілдеріне) көрсетіледі;
      2) үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары бар ата-аналарға (заңды өкілдеріне) ағымдағы тоқсанға арыз берген айынан бастап әлеуметтік көмек тағайындалады;
      3) әлеуметтік көмек төлемін тоқтатуға әкелетін жағдай (мүгедек бала он сегіз жасқа толғанда, қайтыс болғанда, мүгедектіктен шығарғанда) болған айдан кейін келесі айдан бастап төлемақы жүргізу токталады.
      4. Қала әкімдігінің осы қаулысы ол алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқық қатынастарына тарайды.
      5. Қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.М. Рахымжановқа жүктелсін.

      Қала әкімі                                 О. Қайыргелдинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады