Мүгедектер үшін 2010 жылға жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 10 қаңтардағы N 17/1 қаулысы. Павлодар облысы Екібастұз қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 8 ақпанда N 12-3-253 тіркелген. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2011 жылғы 22 тамыздағы N 3-05/221 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2011.08.22 N 3-05/221 хаты).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармақ 13-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 18-бабы 7-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабы 5-2 тармақшасына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабы 1-тармақшасына сәйкес, жұмыссыз ретінде тіркелген мүгедектерді жұмыспен қамту мәселесін шешуде әлеуметтік кепілдікпен қамтамасыз ету мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Екібастұз өңірінің кәсіпорындары мен ұйымдарында меншіктілік түріне қарамастан тәуелсіз жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде мүгедектерді жұмысқа орналастыруға арналған жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
      2. "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (С. Арыстанов) жұмыс берушілерге тиісті жолдамалар беру жолымен квоталық жұмыс орындарына мүгедектердің жұмысқа орналасуларына ықпал етуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары С.С.Төлеубаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындыған құқықтық қатынастарда таратылады.

      Екібастұз қаласының әкімі                  Н. Нәбиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады