2010 жылға Екібастұз қаласы азаматтарының жекеленген санаттары үшін "Қала - саяжай" бағыты бойынша қоғамдық жолаушылар көлігінде жеңілдікпен жол жүруді ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі N 244/4 қаулысы. Павлодар облысы Екібастұз қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 21 сәуірде N 12-3-261 тіркелген. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2011 жылғы 22 тамыздағы N 3-05/221 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2011.08.22 N 3-05/221 хаты).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бап 1-тармақ 14-тармақшасына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 11-бабына, Екібастұз қалалық мәслихатының (ІV шақырылған кезекті ХІХ сессия) 2009 жылғы 25 желтоқсандағы "Екібастұз қаласының 2010 - 2012 жылдарға арналған бюджеті туралы" N 221/19 шешімінің негізінде, әрі және қала азаматтарының жекеленген санаттарына "Қала - саяжай" қоғамдық жолаушылар көлігінде жол жүру шығындарын өтеу мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қала - саяжай" бағыты бойынша қоғамдық жолаушылар көлігінде тегін жүру құқына мына санаттағы азаматтар ие болатыны белгіленсін:
      1) жасына байланысты зейнеткерлер;
      2) 3-топтағы мүгедектер.
      2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген азаматтар тегін жол жүру құқығын белгілеу үшін кондукторға (бақылаушыға) міндетті түрде келесі құжаттарды ұсынуы қажет:
      1) жасына байланысты зейнеткерлер үшін-зейнеткерлік куәлігі;
      2) 3-топтағы мүгедектер үшін-зейнеткерлік куәлігі.
      3. "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі", "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемелері "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қоғамдық жолаушылар көлігінде "Қала - саяжай" бағыты бойынша тасымалдауды жүзеге асыру конкурсында жеңіп шыққан, әрі жолаушылар көлігінде жолаушыларды тасымалдауды іске асыратын кәсіпорынмен (бұдан әрі - Кәсіпорын) бірлесіп айына бір рет қоғамдық жолаушылар көлігінде жекеленген санаттағы жолаушы азаматтар ағынының мониторингісін жүргізсін.
      4. "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
      1) кәсіпорынмен жекеленген санаттағы азаматтарды "Қала - саяжай" бағыты бойынша қоғамдық жолаушылар көлігінде тасымалдау бойынша қызмет көрсету туралы келісімшарт жасасын;
      2) кәсіпорынға ақысыз жол жүру өтемі осы мониторинг негізінде Кәсіпорынның есеп шотына ақшалай қаражат аудару жолымен шығынын өтеуді жүргізсін.
      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және туындайтын құқықтық қатынаста таратылады.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Н.В.Дычкоға жүктелсін.

      Екібастұз қаласының әкімі                  Н. Нәбиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады