Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 28.08.2014 N 1-17/2-01/221 хатымен).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 1-тармақшасы, Қазақстан Республикасы Бюджеттік Кодексінің 106-бабы 2-тармағы 4-тармақшасы, 109-бабы 5-тармағы, Павлодар облыстық мәслихатының 2010 жылғы 4 маусымдағы (IV шақырылған, кезекті ХХV сессия) "Павлодар облыстық мәслихатының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы (IV шақырылған, ХХI сессия) "2010 - 2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" N 259/21 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде 3165 нөмірімен тіркелген) N 286/25 шешімі негізінде және бюджеттік қаражаттарды тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында, Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Екібастұз қалалық мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы (IV шақырылған, кезекті XIХ сессия) "2010 - 2012 жылдарға арналған Екібастұз қаласының бюджеті туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде 12-3-247 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 14 қаңтарда "Отарқа" газетінде N 3, 2010 жылғы 14 қаңтарда "Вести Экибастуза" газетінде N 2 жарияланған) N 221/19 шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1 тармақта:
1 тармақша "кірістер" жолындағы "6 786 799" сандары "6 886 799" сандарымен, "трансферттердің түсімдері" жолындағы "1 775 972" сандары "1 875 972" сандарымен ауыстырылсын;
2 тармақша "шығындар" жолындағы "6 774 028" сандары "6 874 028" сандарымен ауыстырылсын;
3 тармақша "таза бюджеттік кредиттеу" жолдарындағы "891" сандары "881" сандарымен ауыстырылсын және келесі мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: "бюджеттік кредиттерді өтеу" және "10" сандарымен;
5 тармақша "бюджет тапшылығы" жолындағы "-78 278" сандары "-78 268" сандарымен ауыстырылсын;
6 тармақша "бюджет тапшылығын қаржыландыру" жолындағы "78 278" сандары "78 268" сандарымен ауыстырылсын;
2) "2010 жылға арналған Екібастұз қаласының бюджеті" 1 қосымшада "1.Кірістер" бөлігінде "сома" бағанында "6 786 799" сандары "6 886 799" сандарымен ауыстырылсын, 4 санатында "Трансферттер түсімдері", 2 сыныбында "Мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетін трансферттер", 2 ішкі сыныбында "Облыстық бюджеттен түсетін түсімдер" жолдарындағы "1 775 972" сандары "1 875 972" сандарымен ауыстырылсын;
"II. Шығындар" бөлігінде "сома" бағанында "6 774 028" сандары "6 874 028" сандарымен ауыстырылсын, 04 функционалдық топтағы "сома" бағанындағы "3 282 337" сандары "3 382 337" сандарымен ауыстырылсын, "Бiлiм беру саласындағы өзге де қызметтер" 9 функционалдық кіші топтағы "141 845" сандары "241 845" сандарымен ауыстырылсын және "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлiмі" 467 бюджеттік бағдарламалар әкімшілігімен, "Білім беру объектілерін салу және реконструкциялау" 037 бағдарламасымен және "сома" бағаны "100 000" сандарымен толықтырылсын;
"III. Таза бюджеттік кредиттеу" бөлігінде "сома" бағанындағы "891" сандары "881" сандарымен ауыстырылсын, "Бюджеттік кредиттерді өтеу", "Бюджеттік кредиттерді өтеу", "Мемлекеттік бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу" жолдарындағы "сома" бағаны "10" сандарымен толықтырылсын;
"V. Бюджет тапшылығы (профициті)" бөлігінде "-78 278" сандары "-78 268" сандарымен ауыстырылсын;
"VI. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)" бөлігінде "78 278" сандары "78 268" сандарымен ауыстырылсын;
3) "2010 жылға арналған нысаналы трансферттердің сомасын бағдарламалар әкімшілеріне бөлу" 7 қосымшада "барлығы" жолдарында "сома" бағанындағы "1 775 972" сандары "1 875 972" сандарымен ауыстырылсын, "республикалық бюджеттен" бағанындағы "1 725 762" сандары "1 825 762" сандарымен ауыстырылсын, "Құрылыс бөлімі" және "республикалық бюджеттен" жолдарындағы "сома" бағанында "1 184 836" сандары "1 284 836" сандарымен ауыстырылсын, келесі мазмұндағы "бала бақша құрылысына" жолдарымен және "100 000" сандарымен толықтырылсын.
2. Бұл шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Р. Қазбеков
Қалалық мәслихат хатшысы Ғ. Балтабекова