2011 жылы халықты еңбекпен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы N 279 қаулысы. Павлодар облысы Ақтоғай ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 07 ақпанда N 12-4-94 тіркелді. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімі аппарат басшысының 2013 жылғы 28 қазандағы N 26/1-28/361 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімі аппарат басшысының 28.10.2013 N 26/1-28/361 хаты).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1-тармағының 1314 тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 18-1 бабына сәйкес, жұмыссыздарға және халықтың әлеуметтiк қорғалмаған санаттарына жұмыспен қамтуға көмектесу және әлеуметтiк қорғау мақсатында аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі Нұсқаулық, қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
      2. Ақтоғай ауданы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылатын халықтың нысаналы топтарының құрамына енетiн түлғалардың тiзбесі қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
      3. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi, нысаналы топтарының жұмыссыздарына басымды бағыттарды қамтамасыз ететін мекемелер, кәсіпорындар және ұйымдармен әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру бойынша келісім-шарттар жасасын.
      4. Әлеуметтік жұмыс орындардың қаржыландырылуы, "Халықты еңбекпен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар туралы" 002 бағдарламасы бойынша, 2011 жылға арналған аудан бюджеті қаражатынан жүзеге асырылады.
      5. Осы аудан әкімдігінің қаулысы оның ресми жарияланған алғашқы күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Б.З. Ысқақоваға мiндеттелсiн.

      Аудан әкімі                                Ж. Қожанов

Аудан әкiмдiгiнiң 2010 жылғы  
30 желтоқсандағы N 279 қаулысымен
бекітілді          

Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру
және қаржыландыру Нұсқаулығы

      Осы Нұсқаулық халықтың нысаналы топтарынан шыққан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшiн әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртiбiн анықтайды, әлеуметтiк жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілердің (меншiк нысанына қарамастан) есеп айырысудың негізгі шарттары мен жүйесін реттейді.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулықта  пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:
      әлеуметтiк жұмыс орны – халықтың нысаналы тобынан шыққан жұмыссыз адамдарды еңбекке орналастыру үшiн жұмыс және шығындарының бiр бөлiгiн өтемақымен толықтыруға мүмкіндігі бар жұмыс берушiлердің жергілікті атқарушы органмен шартқа отыру негізінде құрылған жұмыс орны;
      нысаналы топтар – Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңымен белгiленген жұмысқа орналасуда қиындыққа шалдыққан және әлеуметтiк қорғауды қажет ететiн топтар.
      2. Әлеуметтiк жұмыс орындарына орналасқан жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек зейнетақылық қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнамалық актілер қолданылады.
      3. Жұмыссыздардың әлеуметтiк жұмыс орындарына жiберу "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.

2. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және
оған жұмыссыздарды еңбекке орналастыру тәртiбi

      4. Әлеуметтiк жұмыс орындары нысаналы топтарға жататын жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшiн еңбек ақы төлеудiң жергілікті бюджет қаржысы есебінен 70 пайызы мөлшерінде төлеу шартымен жұмыс берушімен ұсынылады немесе ашылады.
      5. Уәкілетті орган әлеуметтік жұмыс орындарын ашу мақсатында әлеуметтік жұмыс орындары ұсынатын немесе ашатын жұмыс берушілермен қаржыландырудың мерзімі мен шарты және әлеуметтік жұмыс орындарын орындау туралы келісім-шарттар құрады.
      6. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу олардың келісімі бойынша уәкілетті органмен жүргізіледі.
      7. Жұмыс берушілер әлеуметтік жұмыс орындарына қабылдаған жұмыссыздар уәкілеттi органнан жұмыссыз есебiнен шығарылады.

3. Әлеуметтiк жұмыс орындарын
қаржыландыру көздерi мен шарттары

      8. Әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландыру көздерi - жұмыс берушiлер мен жергiлiктi бюджет қаржысы.
      9. Жергілікті бюджеттен әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландыру  "Еңбекпен қамту бағдарламасының" 002 бағдарламасы бойынша "Халықты еңбекпен қамту саласында азаматтарды әлеуметтiк қорғау жөнiндегi қосымша шаралар" бағдарламасы бойынша iске асырылады.
      10. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан жұмыссыздардың еңбек ақысына кеткен шығындар жергілікті бюджет қаржысынан өтеледі.
      11. Еңбек ақы төлеу жұмыс берушімен келісім негізінде берілетін жартылай өтемақымен жасалынады және Республика бойынша бекітілген ең аз жалақыдан кем болмауға тиіс.
      12. Бюджеттік қаржыны аудару бойынша есеп айырысу жұмыс берушілердің шоттарына жүргізіледі.

4. Әлеуметтiк жұмыс орнын ұйымдастыру
және қаржыландыру тәртiбiне бақылау жасау

      13. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Нұсқаулығын бақылау заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттік органмен жүзеге асырылады.

Аудан әкiмдiгiнiң 2010 жылғы  
30 желтоқсандағы N 279 қаулысымен
бекітілді        

Ақтоғай ауданы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына
жұмысқа орналастырылатын халықтың нысаналы топтарының
құрамына енетiн түлғалардың тiзбесі

      1. 50 жастан асқандар.
      2. Медициналық-санитарлық сараптамалық комиссияның еңбекке шектеулі жарамдығы туралы анықтамасы бар тұлғалар.
      3. Отбасында бірде-бір жұмыс істейтін адамы жоқ аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан жұмыссыздар.
      4. Ұзақ емделуді қажет ететін отбасы мүшелері - жұмыссыздар.
      5. Көп балалы отбасылардың жұмыссыз ата-аналары.
      6. Мүгедек балаларды тәрбиелейтін жұмыссыздар.
      7. 24 жасқа дейінгі жұмыссыз жастар.
      8. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесінің жолдамасы арқылы кәсіби дайындықтан және қайта даярлаудан өткен жұмыссыздар.

Аудан әкiмдiгiнiң 2010 жылғы  
30 желтоқсандағы N 279 қаулысымен
бекітілді          

2011 жылға арналған Ақтоғай ауданы бойынша әлеуметтiк
жұмыс орындарына еңбекке орналастыру кестесi

р/р Ауылдық округтер атаулары Жұмысқа орналастырылады Айлар бойынша
Қаңтар Ақпан Наурыз Сәуiр Мамыр Маусым Шілде Тамыз Қырқүйек Қазан Қараша Желтоқсан

1

Ақтоғай ауылдық округi

43




5

20

18







2

Әуелбек ауылдық округi

2





2








3

Барлыбай ауылдық округi














4

Басқамыс ауылдық округi














5

Жалаулы ауылдық округi














6

Жолболды ауылдық  округi

4





4








7

Қараоба ауылдық округi

2





2








8

Қожамжар ауылдық округi

10




5

5








9

Мүткенов ауылдық округi

5





5








10

Приреченск ауылдық округi

2





2








11

Разумов ауылдық округi

2





2








12

Харков ауылдық округi

10




5

5








13

Шолақсор ауылдық округi

0














Аудан бойынша

80




15

47

18







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады