Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы, 4 тармақшасына сәйкес, Баянауыл ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШІМ қабылдаймын:
1. Баянауыл ауылының Луначарский көшесі - Әбікен Бектұров көшесі болып, Джамбул көшесі – Жамбыл Жабаев көшесі болып, Энгельс көшесі - Әлкей Марғұлан көшесі болып, Степная көшесі – Әміре Айтбакин көшесі болып, Карл Маркс көшесі – Бұхар Жырау көшесі болып, В. Комарова көшесі – Жүсіпбек Аймауытов көшесі болып, Комсомольская көшесі – Мәшһүр Жүсіп Көпеев көшесі болып, III Интернационала көшесі – Шоқан Уалиханов көшесі болып, Озерная көшесі – Қалижан Бекхожин көшесі болып, Амангельды көшесі – Амангелді Иманов көшесі болып, Дзержинский көшесі – Қошке Кемеңгеров көшесі болып, им. 50 лет Октября көшесі – Ермұхан Бекмаханов көшесі болып, Титова көшесі – Шон Едігеұлы көшесі болып, 1 Мая көшесі – Олжабай батыр көшесі болып, 70 лет Октября көшесі – Мұса Шорманов көшесі болып, им. 25 лет Октября көшесі – Жарылғапберді Жұмабаев көшесі болып, Сатпаев көшесі – Мұстафа Бүркітбайұлы көшесі болып, Подгорная көшесі – Жалаңтөс батыр көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.
Баянауыл ауылдық округі
әкімінің міндетін атқарушы Е. Дюсембаев