Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің 05.03.2014 N 1-16/103 хатымен).
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13)-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы "Қазақстан Республикасында әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргiзу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" N 371 қаулысына сәйкес ШЕШІМ қабылдаймын:
1. 2011 жылдың қаңтар - наурыз айларында есепке алу жылында он жеті жасқа толған ер азаматтарды, сонымен қатар жасы асқан, бұрын есепке алынбағандарды "Железин ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - шақырту учаскесі) есепке алу жұмыстары жүргізілсін.
2. Ауданның селолық округ әкімдері, бағыныштылығы мен меншік нысанына байланыссыз (келісім бойынша) ұйымдар мен мекемелердің басшылары:
есепке алынатын азаматтарды уақытылы хабарлаумен қатар шақырту учаскесіне мезгілінде жеткізуді қамтамасыз етсін;
есепке алынатын азаматтарды әскерге шақыру жасына дейінгілерді әскери есепке алуға байланысты міндеттерді орындау үшін қажетті уақытқа жұмыстан (оқудан) босатсын.
3. "Железин орталық аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша);
есепке тұратын азаматтарды медициналық анықтаудан өткізу үшін маман - дәрігерлер мен медициналық қызметкерлерді тағайындасын;
есепке алынатын азаматтарды тексеруді және емдеуді ұйымдастырсын.
4. "Қазақстан Республикасының ішкі істер Министрлігі Павлодар облысы ішкі істер Департаменті Железин ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша):
шақырту учаскесінде шақырту комиссиясының жұмысы кезеңінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етсін;
әскери міндетті атқарудан бас тартушыларды іздеуді және ұстауды жүргізсін.
5. "Железин ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) аудан әкімінің аппаратына есепке алуды өткізу нәтижесі туралы ақпарат ұсынсын.
6. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.М. Қаппасовқа жүктелсін.
Аудан әкімі Ж. Шугаев
Келісілді
Железин ауданының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімінің бастығы Н. Науразбеков
2010 ж. 21 желтоқсандағы
Келісілді
Қазақстан Республикасының ішкі
істер Министрлігі Павлодар облысы
ішкі істер Департаменті Железин ауданы
ішкі істер бөлімінің бастығы К. Шайков
2010 ж. 21 желтоқсандағы
Келісілді
Железин орталық аудандық ауруханасының
бас дәрігері Г. Оспанова
2010 ж. 21 желтоқсандағы