Железинка селосының көшелерінің атауын өзгерту туралы

Жаңа

Павлодар облысы Железин ауданы Железин селолық округ әкімінің 2010 жылғы 15 маусымдағы N 28 шешімі. Павлодар облысы Железин ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 15 маусымда N 12-6-89 тіркелген

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес және Железинка селосы тұрғындарының пікірлерін есепке ала отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Железинка селосы қөшелерінің атаулары өзгертілсін:
      Щорс көшесі Михаил Иванович Трусов атындағы көшесіне;
      Куйбышев көшесі Жылқыбай Қайыргелдіұлы Жұсіпов атындағы көшесіне;
      Әуезов көшесі (бұрынғы автокөлік кәсіпорынның ауданы) Автотранспортная көшесіне;
      Садовая көшесі (бұрынғы нан қабылдау пунктінің ауданы) Речная көшесіне;
      Ш. Уәлиханов көшесі (шошқа фермасы ауданы) Еңбек көшесіне.
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі                                В. Мельник

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады