Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс ауданы Ертіс ауылы әкімінің 2011.17.01 N 1-14-4 шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармағына сәйкес және Ертіс ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Ертіс ауылындағы Ленин көшесінің атауы Астана көшесі атауына ауыстырылсын.
2. Осы шешім алғашқы рет ресми түрде жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.
Ертіс ауылының әкімі Т. Бекпауов