2010 жылға арналған ауданның мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Качир аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 17 наурыздағы N 70/2 қаулысы. Павлодар облысы Качир ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 16 сәуірде N 12-8-85 тіркелген. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Качир аудандық әкімі аппарат басшысының 2013 жылғы 06 қарашадағы N 30/1-17/882 хатымен)

      Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Качир аудандық әкімі аппарат басшысының 06.11.2013 N  30/1-17/882 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 14)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" N 2247 Заңына сәйкес, Качир аудандық мәслихатының (IV сайланған XIX кезекті сессия) 2009 жылғы 25 желтоқсандағы "2010 - 2012 жылдарға арналған аудан бюджеті туралы" N 1/19 шешіміне, аудан мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек көрсету мақсатында аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Әлеуметтік төлемге құқығы бар азаматтардың мынадай санаттары бекітілсін:
      1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектер;
      2) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің қайта некеге тұрмаған жесірлері;
      3) 1988 - 1989 жылдары Чернобыль АЭС-нда апат зардаптарын жоюға қатысқан тұлғалар;
      4) Ауғанстандағы жауынгерлік әрекеттерге қатысқан тұлғалар;
      5) "Құрметтi азамат" атағы бар тұлғалар;
      6) ауданға жолдамамен жұмысқа келген жас мамандар-дәрігерлер;
      7) салалы министрлiктердiң, департаменттердiң, жоғары оқу орындарының жолдамасымен ауданға жұмысқа келген жоғары оқу орны және колледждер түлектері - жас мамандар;
      8) жоғары медициналық оқу орындарының ақырғы курсында оқитын студенттер;
      9) жоғары оқу орындарындағы оқуына төлеуге және стипендияға облыс әкімі грантына ие аз қамтамасыз етілген отбасылардан студенттер және жетім–студенттер;
      10) I топтағы жалғыз басты мүгедектер;
      11) жалғызілікті және жалғыз тұратын (ерлі-зайыптылардың біріне немесе бірге тұратын) еңбекке жарамсыз азаматтар және зейнетақының ең төменгі мөлшерін алатын зейнеткерлер;
      12) онкологиялық ауруларға және адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы ауруына шалдыққан тұлғалар;
      13) туберкулез ауыруына шалдыққан тұлғалар;
      14) гемофилия, лейкемия ауыруларына шалдыққан тұлғалар;
      15) балаларды қорғау күніне орай мүмкіндіктері шектеулі балалар;
      16) балаларды қорғау күніне орай жетім балалар;
      17) балалардың орталық жүйкесі сал (ДЦП) ауыруына шалдыққан 18-жасқа дейінгі мүгедек-балалар;
      18) жеке қосалқы шаруашылығын дамытуға аз қамтамасыз етілген отбасылар;
      19) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар;
      20) "Качир ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – Бөлім) қайтыс болған уақытта есепте тұрған жұмыссыздарды жерлеуді жүзеге асырушы тұлғалар;
      21) жүктілігі бойынша есепке уақытында тұрған, УДЗ скринингінен өткен және дәрігердің барлық нұсқауларын орындайтын жүкті әйелдер;
      22) гемофилия диагнозы бар мүгедек-бала;
      23) республиканың медициналық мекемелеріне барып-қайтуына және тұруына мүгедек-балалар;
      24) жұмыспен қамту бөлімінде тіркелген жұмыссыз азаматтар;
      25) мини-орталықта және балабақшадағы балаларға ата-аналардың төлемі бойынша шығынын қайтару үшін аз қамтамасыз етілген, көп балалы отбасылар;
      26) қолдан тамақтандырылатын 1 жасқа дейінгі балалары бар бала тамағына аз қамтамасыз етілген отбасылар;
      27) төтенше жағдайға тап болған (өрт, айдан аса ұзақ ауру және басқа), күнкөріс шегінен ең төмен орташа табыспен, өткен жылы әлеуметтік төлем алмаған тұлғалар;
      28) құжаттандыру үшін маргиналды топтағы тұлғалар;
      29) қайтыс болған Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің әйелдері.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар облысы Качир аудандық әкімдігінің 2010.12.29 N 365/8 (жарияланғаннан күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді) қаулысымен.
      2. Әлеуметтік көмек алу үшін Бөлімге осы қаулының 1-тармағында көрсетілген әрбір санат бойынша мына құжаттарды ұсыну қажет:
      1) 1-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай (2010 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша) бір жолғы материалдық көмек төлеу үшін, дәрі-дәрмек алуға және тұрғын үй-коммуналдық қызметті қайтаруға ай сайынға төлем үшін, электр жылуды орнатуға біржолғы материалдық көмек үшін, жылу беру маусымы кезеңіне электр жылу жөніндегі шығындарды төлеуге материалдық көмекті ай сайын төлеу үшін, газет жаздыруға біржолғы материалдық көмек төлеу үшін – "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" Павлодар облыстық филиалының Республикалық қазынашылық кәсіпорны Качир ауданы бөлімшесімен (келісім бойынша) ұсынатын тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген тізімі, "Казпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі есеп шотының нөмірі;
      2) 2, 3, 4-тармақшаларында көрсетiлген санаттағылар үшiн Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай (2010 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша) бір жолғы материалдық көмек төлеу үшін, тұрғын үй-коммуналдық қызметті қайтаруға ай сайынға төлем үшін – "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" Павлодар облыстық филиалының Республикалық қазынашылық кәсіпорны Качир ауданы бөлімшесімен (келісім бойынша) ұсынатын тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген тізімі, "Казпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі есеп шотының нөмірі;
      3) 3, 4-тармақшаларда көрсетiлген санаттағылар үшiн денсаулығын сауықтыруға тоқсан сайынғы материалдық көмек, сондай-ақ Ауғаныстандағы әскери әскерлерді шығару Күніне және Чернобыль АЭС-ндағы апат зардабын жою күніне орай бір жолғы материалдық көмек төлеу үшін – "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" Павлодар облыстық филиалының Республикалық қазынашылық кәсіпорны Качиры ауданы бөлімшесімен (келісім бойынша) ұсынатын тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген тізімі, "Казпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі есеп шотының нөмірі;
      4) 5-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн дербес есеп шоты көрсетiлген (жинақ кітапша көшірмесі) осы әлеуметтiк төлемге құқылы адамның өтiнiшi, СТТН, жеке басы куәлiгiнiң көшiрмесi, азаматтарды тіркеу кітабының көшiрмесi, "Құрметті азамат" атағын растайтын құжат (немесе аудандық мәслихаттың куәландырған тізімдері);
      5) 6, 7-тармақшаларда көрсетiлген санаттағылар үшiн дербес есеп шоты (жинақ кітапша көшірмесі) көрсетiлген осы әлеуметтiк төлемге құқылы адамның өтiнiшi, СТТН, ЖӘК, жеке басы куәлiгi, диплом көшiрмелері салалы министрліктер, департаменттер, жоғары оқу орындарының жолдамалары, маманды ұйымға жұмысқа алғандығы туралы бұйрықтан көшірме, жеке шарты;
      6) 8-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн дербес есеп шоты (жинақ кітапша көшірмесі) көрсетiлген студенттің өтiнiшi, СТТН, ЖӘК, жеке басы куәлiгiнiң көшiрмесi, білім беру қызметін көрсету үшін Качир ауданының әкімі, жоғары оқу орнының басшысы және студентпен қол қойылған үш жақты келісім шарт;
      7) 9-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн дербес есеп шоты (жинақ кітапша көшірмесі) көрсетiлген студенттің өтiнiшi, азаматтарды тіркеу кітабы, СТТН, жеке куәлiгi, ЖӘК көшірмесі, білім беру қызметін көрсету үшін Качир ауданының әкімі, жоғары оқу орнының басшысы және студентпен қол қойылған үш жақты келісім шарт. Әлеуметтік-тұрмыс жағдайын тексеру актілері және оқуын төлеу үшін жиынтық табыс туралы мәлімет әлеуметтік көмекті тағайындау кезінде бір рет ұсынылады;
      8) 10, 29-тармақшаларда көрсетiлген санаттағылар үшiн дербес есеп шоты көрсетiлген осы әлеуметтiк төлемге құқылы адамның өтiнiшi, азаматтарды тіркеу кітабы, СТТН, ЖӘК, жеке куәлiгi, алушы мәртебесін растайтын құжаттың көшірмелері;
      9) 11-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн дербес есеп шоты (жинақ кітапша көшірмесі) көрсетiлген осы әлеуметтiк төлемге құқылы адамның өтiнiшi, азаматтарды тіркеу кітабы, СТТН, жеке куәлiгiнiң көшірмесі, материалдық-тұрмыс жағдайын тексеру актісі, зейнеткер куәлігінің көшірмесі (ең аз мөлшердегi зейнетақы алатын зейнеткерлер үшін);
      10) 12, 13, 14-тармақшаларда көрсетiлген санаттағылар үшiн дербес есеп шоты көрсетiлген осы әлеуметтiк төлемге құқылы адамның өтiнiшi, азаматтарды тіркеу кітабы, СТТН, жеке куәлiгi, ЖӘК көшірмелері, медициналық мекемеден анықтама;
      11) 15-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн Качир психологиялық-педагогикалық түзету кабинетімен салыстырылған тізімге сәйкес дербес есеп шоты (жинақ кітапша көшірмесі) көрсетiлген студенттің өтiнiшi, азаматтарды тіркеу кітабы, СТТН, жеке куәлiгi, ЖӘК көшірмесі;
      12) 16-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн Качир аудандық білім бөлімінің салыстырған тізіміне сәйкес дербес есеп шоты көрсетiлген қамқоршының немесе бала мүддесін қорғайтын тұлғаның өтініші, азаматтарды тіркеу кітабы, СТТН, ЖӘК, жеке куәлiгiнің көшірмелері;
      13) 17-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн мүгедек баланың ата-анасы біреуінің дербес есеп шоты көрсетiлген өтiнiшi, азаматтарды тіркеу кітабының, СТТН, ЖӘК, жеке басы куәлігінің, бала мүгедектігін растайтын құжаттың көшірмелері,туу туралы куәлігі;
      14) 18-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшiн осы әлеуметтік төлемге құқылы тұлғаның дербес есеп шоты (жинақ кітапша көшірмесі) көрсетiлген өтініші, азаматтарды тіркеу кітабының, СТТН, ЖӘК, жеке басы куәлігінің көшірмесі, ауылдық округ әкімінің қолдаухаты, тұрғын үй жағдайын тексеру актісі, қосалқы шаруашылығын алып-сату туралы қолхаты;
      15) 19-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшiн осы әлеуметтік төлемге құқылы тұлғаның дербес есеп шоты көрсетiлген өтініші, азаматтарды тіркеу кітабы, СТТН, ЖӘК, жеке куәлігінің көшірмесі, бас бостандығынан айыру мекемесінен босатылғандығы туралы анықтама;
      16) 20-тармақшада көрсетілген осы әлеуметтік төлемге құқылы тұлғаның дербес есеп шоты көрсетiлген өтініші, СТТН, жеке куәлігінің көшірмесі, жұмыссыз мәртебесін растайтын анықтама, жерлеу туралы анықтама, қайтыс болғандығы туралы анықтама және азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      17) 21-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн медициналық мекеме анықтамасына сәйкес дербес есеп шоты көрсетiлген осы әлеуметтiк төлемге құқылы адамның өтiнiшi, азаматтарды тіркеу кітабы, СТТН, жеке куәлiгi, ЖӘК көшірмесі;
      18) 22-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн дербес есеп шоты көрсетiлген мүгедек-баланың ата-анасы біреуінің өтiнiшi, азаматтарды тіркеу кітабы, СТТН, ЖӘК, жеке куәлiгi, бала мүгедектігін растайтын құжаттың, бала туу туралы куәлігінің көшірмесі;
      19) 23-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшiн осы әлеуметтік төлемге құқығы бар тұлғаның дербес есеп шоты көрсетiлген өтініші, азаматтарды тіркеу кітабы, СТТН, ЖӘК, жеке куәлігі, бала мүгедектігін растайтын құжаттың, бала туу туралы куәлігінің көшірмесі, қолданылған  билеттер немесе жол ақысын растайтын құжат, тұрғандығы туралы түбіртек;
      20) 1, 3, 4-тармақшаларда көрсетiлген санаттағылар үшiн дербес есеп шоты көрсетiлген осы әлеуметтiк төлемге құқылы адамның өтiнiшi, азаматтарды тіркеу кітабы, СТТН, жеке куәлiгi көшірмесі, алушы мәртебесін растайтын құжат көшірмесі, шығынды растайтын медициналық мекеменің анықтамасы;
      21) 24-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшiн осы әлеуметтік төлемге құқылы тұлғаның дербес есеп шоты көрсетiлген өтініші, азаматтарды тіркеу кітабы, СТТН, ЖӘК, жеке куәлігінің көшірмесі, оқу мерзімін растайтын құжат;
      22) 25-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшiн осы әлеуметтік төлемге құқылы тұлғаның дербес есеп шоты көрсетiлген өтініші, СТТН, ЖӘК, жеке куәлігі, азаматтарды тіркеу кітабы, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексеру актісі, ауылдық округ әкімі және (немесе) мектеп директоры, балабақша меңгерушісінің қолдаухаты;
      23) 26-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшiн осы әлеуметтік төлемге құқылы тұлғаның дербес есеп шоты көрсетiлген өтініші, СТТН, жеке куәлігі, азаматтарды тіркеу кітабы, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, орталық аудандық аурухана тізімі;
      24) 27-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшiн осы әлеуметтік төлемге құқылы тұлғаның дербес есеп шоты көрсетiлген өтініші, азаматтарды тіркеу кітабы, СТТН, ЖӘК, жеке куәлігінің көшірмесі, тиісті органның (аудандық ішкі істер бөлімі, өрт сөндіру бөлімшесі, медициналық мекеме және басқа) өрт, ауруы және басқа туралы анықтамасы, барлық отбасы мүшелерінің табыстары туралы анықтама;
      25) 28-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшiн құжаттандыруды қажет етуші тұлғалардың тізімі қосымшамен қоса ауылдық округ әкімінің қолдаухаты.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар облысы Качир аудандық әкімдігінің 2010.12.29 N 365/8 (жарияланғаннан күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді) қаулысымен.
      3. Осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген мұқтаж азаматтардың санаттарына әлеуметтiк төлемдер мына түрлерi және мөлшері бойынша тағайындалады:
      1) 1, 2, 3, 4, 15, 16-тармақшаларда көрсетiлген санаттағылар үшін 10 000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
      2) 3, 4-тармақшаларда көрсетiлген санаттағылар үшiн 2000 теңге мөлшерiнде ай сайынғы материалдық көмек және 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде тоқсан сайынғы материалдық көмек;
      3) 1, 3, 4-тармақшаларда көрсетiлген санаттағылар үшiн тіс салдыру қызметінің нақты бағасы бойынша бiр жолғы материалдық көмек;
      4) 1-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн 5200 теңге мөлшерiнде ай сайынғы материалдық көмек және 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде ай сайынғы материалдық көмек;
      5) 1, 3, 4 -тармақшаларында көрсетiлген санаттағылар үшiн қолданылған билет құны;
      6) 1-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн 150000 теңге мөлшерiнде бiр жолғы материалдық көмек;
      7) 1-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн ауылдық округ әкімінің қолдаухаты мен "Качир ауданының құрылыс бөлімі" ММ-мен ұсынған сметасына сәйкес үй жөндеуге бiр жолғы материалдық көмек;
      8) 2-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн 3000 теңге мөлшерiнде ай сайынғы материалдық көмек;
      9) 17-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн 5 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде тоқсан сайынғы материалдық көмек;
      10) 13-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн 6 ай бойы 5 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде бір жолғы материалдық көмек;
      11) 7-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн оқу барысы мезгілінде 7000 теңге мөлшерiнде ай-сайынғы материалдық көмек;
      12) 5-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн коммуналдық шығынға 21000 теңге мөлшерiнде бір жолғы материалдық көмек;
      13) 11-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн 2 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде бiр жолғы материалдық көмек;
      14) 9-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн 2009 - 2010 оқу жылдарына студенттерге сәйкесті оқу орнындағы оқудың нақты құны есебімен жүргізілетін әлеуметтік көмек және оқу барысында 7 000 теңге мөлшерінде ай-сайынғы материалдық көмек;
      15) 8-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн жоғары медициналық оқу орнындағы студенттерге 2009 - 2010 оқу жылына оқудың нақты құны есебімен жүргізілетін әлеуметтік көмек;
      16) 12-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн 6 АЕК мөлшерінде бiр жолғы материалдық көмек;
      17) 14, 17, 19, 20, 21, 22-тармақшаларда көрсетiлген санаттағылар үшiн 10 АЕК мөлшерінде бiр жолғы материалдық көмек;
      18) 22-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн 8 АЕК мөлшерінде тоқсан сайынғы материалдық көмек;
      19) 6-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн 500000 теңге мөлшерінде бiр жолғы материалдық көмек;
      20) 10-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн 7 АЕК мөлшерінде бiр жолғы материалдық көмек;
      21) 18-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн 90000 теңге мөлшерінде бiр жолғы материалдық көмек;
      22) 23-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн қолданылған билеттерге және тұруына сәйкес бiр жолғы материалдық көмек;
      23) 24, 26-тармақшаларда көрсетiлген санаттағылар үшiн 5 АЕК мөлшерінде бiр жолғы материалдық көмек;
      24) 25-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн 2400-ден 3000 теңгеге дейінгі ай-сайынғы материалдық көмек;
      25) 27-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн 20000 теңгеден 50000 теңгеге дейінгі мөлшерде бiр жолғы материалдық көмек;
      26) 28-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн 1000 теңгеге дейінгі мөлшерде бiр жолғы материалдық көмек;
      27) 1)-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін – ұсынылған сметаға сәйкес біржолғы материалдық көмек;
      28) 1), 29)-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін – "Энергоцентр" АҚ ұсынған түбіртекке сәйкес айсайынғы материалдық көмек;
      29) 1)-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін – мерзімді баспасөздің нақты құнына сәйкес біржолғы материалдық көмек.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар облысы Качир аудандық әкімдігінің 2010.12.29 N 365/8 (жарияланғаннан күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді) қаулысымен.
      4. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен бастап он күн өткеннен кейін күшіне енеді және 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап туатын құқықтық қатынастарға өрістетіледі.
      5. Әлеуметтік төлемді қаржыландыру 2010 жылға арналған аудандық бюджет шегінде жүзеге асырылады.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қ. Мардановаға жүктелсін.

      Аудан әкімі                                Б. Бақауов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады