Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Качир аудандық әкімі аппарат басшысының 06.11.2013 N 30/1-17/882 хатымен).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 14-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңына сәйкес, Качир аудандық мәслихатының (IV шақырылған XIX кезекті сессиясы) 2009 жылғы 25 желтоқсандағы "2010 - 2012 жылдарға арналған аудан бюджеті туралы" N 1/19 шешіміне сәйкес, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек көрсету мақсатында аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Качир ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 17 наурыздағы "2010 жылға арналған ауданның мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" N170/2 қаулысына (2010 жылғы 16 сәуірдегі нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу N 12-8-85 тізілімінде тіркелген, 2010 жылғы 1 мамырдағы N118 "Заря" газетінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
жоғары көрсетілген қаулының 1-тармағы мына мазмұндағы 29)-тармақшамен толықтырылсын:
"29) қайтыс болған Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің әйелдері";
2-тармақта:
1)-тармақшада "дәрі-дәрмек алуға және тұрғын үй-коммуналдық қызметті қайтаруға ай сайынға төлем үшін" деген сөздерден кейін мына сөздермен толықтырылсын:
"электр жылуды орнатуға біржолғы материалдық көмек үшін, жылу беру маусымы кезеңіне электр жылу жөніндегі шығындарды төлеуге материалдық көмекті ай сайын төлеу үшін, газет жаздыруға біржолғы материалдық көмек төлеу үшін";
8)-тармақшада "10" деген саннан кейін "29" деген сандармен толықтырылсын;
3-тармақ мына мазмұндағы 27), 28), 29)-тармақшалармен толықтырылсын:
"27) 1)-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін – ұсынылған сметаға сәйкес біржолғы материалдық көмек";
"28) 1), 29)-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін – "Энергоцентр" АҚ ұсынған түбіртекке сәйкес айсайынғы материалдық көмек";
"29) 1)-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін – мерзімді баспасөздің нақты құнына сәйкес біржолғы материалдық көмек".
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді және 2010 жылғы 1 қарашадан пайда болған құқықтық қатынастарға таратылады.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қ. Мардановаға жүктелсін.
Аудан әкімі Б. Бақауов