Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 06.03.2014 N 90/3 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 145–бабының 12-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1–тармағының 13–тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту" Заңының 5-бабы 2–тармағына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңының 5–бабының 2–тармақшасына сәйкес, сондай-ақ тұрғындарды жұмыспен қамту шараларын ұлғайту мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім беретін мекемелерінің жас түлектері Жастар тәжірибесі бағдарламасы бойынша жұмыспен қамтылсын.
2. Түлектерді жұмыспен қамту бойынша жұмыс органы болып "Лебяжі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі анықталсын.
3. Жұмыс органы:
бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім мекемелерінің жұмыссыз түлектерінің санын анықтасын;
жұмыс берушімен келісім шарт жасау жолымен түлектерді жұмыспен қамту бойынша жұмысты ұйымдастырсын.
4. Жастар тәжірибесін өткізу жөніндегі іс-шаралар республикалық бюджеттің мақсатты трансферттерінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Ө.Сағандықовқа жүктелсін.
Аудан әкімі С. Әпсалықов