1994 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Май ауданы әкімінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы N 6 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 21 қаңтарда N 12-10-102 тіркелді

       Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабының 1 тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1 тармағының 13 тармақшасына сәйкес және 1994 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу мақсатында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙМЫН:
      1. Май ауданының қорғаныс істері жөніндегі бастығының міндетін уақытша атқарушы (Н. Аманжолов) келісім бойынша он жеті жасқа толатын азаматтарды 2011 жылғы қаңтар - наурыз айларында шақыру учаскесіне тіркеу жұмысын жүргізсін.
      2. Азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу комиссиясы қосымшаға  сәйкес құрамда құрылсын.
      3. Май аудандық орталық аурухананың бас дәрігері (Б. Қазбеков) келісім бойынша азаматтарды дәрігерлік тексеру кезеңінде:
      1) ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөліміне қажет маман – дәрігерлермен қамтамасыз етсін;
      2) медициналық комиссияның қосымша тексеруге жіберілген азаматтарды қабылдау үшін стационарда жату орындарын, амбулаториялық, стационарлық тексеруден өтулерін ұйымдастырсын;
      3) азаматтарға барлық вакцинация егу түрлері жүргізілсін;
      4) ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөліміне қажетті дәрі–дәрмектер, құрал-жабдықтар, мүліктер бөлсін;
      5) тіркеу қорытындысы бойынша ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімінен түскен N 1, N 2 тізімдердегі әскерге шақырылушылардың емделуін бақылауға алып, оның нақты орындалуы туралы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне хабарласын.
      4. Ауыл және селолық округ әкімдері және ұйым, кәсіпорын, мекеме басшылары келісім бойынша Май ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркелетін азаматтарға шақыру қағазын беріп, олардың комиссиядан өтетін күндерінде болуын қамтамасыз етіп, тізімін, мінездемесін, отбасы туралы анықтамасын, жұмыс оқу орнынан анықтамасын, білімі жөніндегі құжатының көшірмесі, 4 дана 3х4 фотосуретін ұсынсын.
      5. Ауыл және селолық округ әкімдері азаматтардың шақыру учаскесіне қажетті құжаттармен келуін қамтамасыз етсін.
      6. Аудан әкімінің аппарат басшысының міндетін атқарушы (Ж. Қомашева) азаматтарды тіркеу шараларын мерзімді, сапалы түрде жүргізу және құжаттарымен жұмыс істеу үшін Май ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімін 2011 жылдың қаңтар - наурыз айларында екі техникалық қызметкермен қамтамасыз етсін.
      7. Май ауданының ішкі істер бөлімінің бастығы (Д. Қосанов) келісім бойынша азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу кезеңінде қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында полиция қызметкерін бөлсін.
      8. Азаматтарды селолық округтерден тіркеу учаскесіне және тексерілуге медициналық мекемелерге жеткізу шараларын қамтамасыз ету үшін аудан әкімінің аппарат басшысының міндетін атқарушы (Ж. Қомашева) автокөлікті жалға алу туралы келісімшарт жасасын.
      9. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа еңгізіледі.
      10. Осы шешімнің орындалуын бақылауды жасау өзіме қалдырамын.

      Аудан әкімі                                Н. Пішенбаев

      Келісілді:

      Май ауданының қорғаныс істері
      жөніндегі бастығының міндетін
      уақытша атқарушы, капитан                  Н. Аманжолов
      01.12.2010 ж.

Май ауданы әкімінің 2010 жылғы
31 желтоқсандағы N 6 шешіміне
1-қосымша        

Азаматтарды шақыру учаскесіне
тіркеу комиссиясының құрамы

Аманжолов Нұржан Уәлиханұлы

- аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы, комиссия төрағасы (келісім бойынша;

Шайхымов Айтуған Абылайұлы

- аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары;

Комиссия мүшелері

Кәрімов Болат Уәнұлы

- аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша);

Имағулова Гүлнар Имағұлқызы

- жасөспірім терапевт дәрігері, дәрігерлік комиссиясының төрағасы;

Сейілханова Айжан Абайқызы

- медбибі, комиссия хатшысы (келісім бойынша).

Май ауданы әкімінің 2010 жылғы
31 желтоқсандағы N 6 шешіміне
2-қосымша        

Резервттік азаматтарды шақыру
учаскесіне тіркеу комиссиясының құрамы

Найманов Жасұлан Бақыткелдіұлы

- аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскери қызметкерлерді келісім шарт бойынша алу және шақыру бөлімшесінің бастығы, комиссия төрағасы;

Андасов Төлеухан Дүйсенбайұлы

- аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары;

Комиссия мүшелері

Забиев Берік Аристотельұлы

- аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша);

Құсайынова Рымгүл Қабылбекқызы

- педиатр дәрігері, дәрігерлік комиссиясының төрағасы (келісім бойынша);

Жақсыбекова Ратай Ғизатқызы

- медбибі, комиссия хатшысы(келісім бойынша).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады