Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 16 наурыздағы N 89/3 қаулысы. Павлодар облысы Павлодар ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 23 сәуірде N 12-11-125 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі N 351/9 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 18.09.2013 N 351/9 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31 бабы 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабы 6) тармақшасына сәйкес, жұмысқа орналастыруға мұқтаж мүгедектерді жұмысқа қабылдау және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының жалпы жұмыс санынан үш пайыз көлемінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. Жұмыс берушілердің тізімі (келісім бойынша) осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      3. Қаулыны қабылдау кезінде ауданның кәсіпорындары мен ұйымдарында жұмыс істейтін мүгедектер бекітілген квотаға енгізілгендер ретінде саналсын.
      4.Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жұмыс орындарына берілген квотаға мүгедектердің жұмысқа орналасуына жәрдем көрсетсін.
      5.Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 31 наурыздағы "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын үлестеу туралы" N 124/3 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 12-11-94 тіркелген, 2008 жылғы, 1 мамырдағы N 18 (7670) "Нива" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылған деп саналсын.
      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ш.А. Мұхамбетжановаға жүктелсін.

      Аудан әкімі                                Т. Бастенов

Павлодар ауданы әкімдігінің   
2010 жылғы 16 наурыз N 89/3 қаулысына
1 қосымша            

Мүгедектерді жұмыспен қамту үшін жұмыс
орындарының квота мөлшері

N р/с

Ауданның ірі кәсіпорындарына жұмысқа орналастыру

1

Жалпы жұмыс орындарының саны

1 616

2

Жұмыс орындарының жалпы санынан 3% квота

48

Павлодар ауданы әкімдігінің   
2010 жылғы 16 наурыз N 89/3 қаулысына
2 қосымша            

р/с

N

Атауы

Жұмыс орындарының жалпы саны

Жұмыс орындарының жалпы санынан 3% квота

1

2

3

4

1

"Кирова" ЖШС

446

13

2

"Луганск" ӨК

323

10

3

"Маяк" ШҚ

150

5

4

"Ямышева жалпы орта білім беру мектебі" ММ

71

2

5

"Шакат жалпы білім беру мектебі" ММ

69

2

6

"Заңғар жалпы білім беру мектебі" ММ

47

1

7

"Ефремовка жалпы білім беру мектебі" ММ

46

1

8

"Чернорецк жалпы N 2 орта білім беру мектебі" ММ

70

1

9

"Красноармейка аграрлық-техникалық колледжі" КҚМК

74

2

10

"Павлодар ауданының емханасы" КҚМК

275

8

11

"Павлодар ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ

96

3

12

"Азимут Энерджи Сервисез" АҚ

100

3


Барлығы

1 616

48

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады