Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімі аппараты басшысының 31.12.2013 N 33/1-20/676 хатымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабының 3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" N 371 қаулысына сәйкес ШЕШІМ қабылдаймын:
1. 2011 жылдың қаңтар – наурызында 1994 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматтарын, сондай-ақ бұрын тіркеуден өтпеген ересек жастағы азаматтарды Павлодар ауданы қорғаныс істері бөлімінің әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу жұмыстары ұйымдастырылсын және жүргізілсін.
2. 1994 жылы туған азаматтардың Павлодар ауданы қорғаныс істері бөлімінің шақыру учаскелеріне тіркеуі, оларды әскери есепке қою, санын, әскери қызметке жарайтын дәрежесін анықтау, жалпы білім деңгейін, иеленген мамандығы мен дене дайындығын анықтау мақсатында өткізілсін.
3. Ауылдық округ және ауыл әкімдері:
1) 2011 жылдың қаңтар – наурызында кестеге сәйкес жас жігіттердің әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу жұмыстарын уақытылы қамтамасыз етсін;
2) Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 44 бабына сәйкес медициналық қаралудан өткізу үшін, шақыру комиссияның кестесіне сәйкес, әскери қызметке шақырылған жас жігіттерді автокөлікпен жеткізілуін ұйымдастырсын. Тіркеу өткізуге байланысты барлық шығындар аудандық бюджет есебінен жасалсын.
4. Аудандық ішкі істер бөлімі (келісім бойынша):
1) шақыру учаскесінде тәртіпті қамтамасыз етіп, тіркеу кезінде Павлодар ауданы қорғаныс істері бөлімімен өзара іс–қимылды ұйымдастырсын;
2) жас жігіттердің шақыру учаскелеріне келуін бақыласын, әдейі келмей қалған жағдайда ауданның ауылдық округ және ауыл әкімдерінің жәрдемдесуімен олардың жеткізуін жүзеге асырсын;
3) жалпыға бірдей әскери міндеттен бас тартып жүрген адамдарды іздеп, ұсталғандарды жеткізу жөніндегі шығындар осы адамдардың есебінен жасалсын.
5. Павлодар ауданының емханасы (келісім бойынша):
1) медициналық шақыру комиссиясының құрамына тәжірибелі дәрігер–мамандардың, орта медициналық құрамның кажетті санын бөлсін және тиісті медициналық керек–жарақпен және басқа да мүлікпен қамтамасыз етсін;
2) тіркелуге жататын жас жігіттердің стационарлық және амбулаториялық тексерілуін және емделуін уақытылы ұйымдастырсын.
6. Павлодар ауданы қорғаныс істері бөлімі (келісім бойынша):
1) Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 44 бабына сәйкес, еңбектерін аудандық бюджет есебінен төлеумен, төрт техникалық қызметкерді қатыстырсын;
2) шақыру учаскелеріне шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар және сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдардың тіркелуін жүргізбесін.
7. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
8. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ш.А. Мұхамбетжановаға жүктелсін.
Аудан әкімі Т. Бастенов
"КЕЛІСІЛДІ"
Павлодар ауданы қорғаныс
істері бөлімінің бастығы Н. Шамкенов
2010 жылғы 20 желтоқсан
Павлодар ауданы ішкі
істер бөлімінің бастығы Н. Қаббасов
2010 жылғы 22 желтоқсан
"Павлодар ауданының емханасы"
КҚМК-ның бас дәрігері Т. Жұматаев
2010 жылғы 22 желтоқсан