Ескерту. Күші жойылды - қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Успен аудандық әкімі аппаратының 26.08.2014 N 1-18/555 хатымен).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20 бабына және 7 бабының 5 тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылы 19 маусымдағы N 836 қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың Ережесіне сәйкес, жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтуда көмек жасауды қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Успен ауданының "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпорындармен және ұйымдармен (келісім бойынша) келісім шарт арқылы аудандағы жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмыс ұйымдастырсын.
2. Кәсіпорындар мен ұйымдардың тізбесі, сұраныс және ұсыныстар, келісім шарттарда атқарылған жұмыстар көлемі, қаржыландыру көздері осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Қоғамдық жұмыс түрлері осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
4. Дәрігерлік-ұжымдық комиссиясының анықтамасы бойынша еңбекке шек қойылған азаматтар және 3-ші топтағы мүгедек жұмыссыздар қоғамдық жұмыстарға денсаулығына сәйкес медицина мекемелері ұсынған жұмыс түрлеріне жіберілсін.
5. Қоғамдық жұмысқа қатысушыларға еңбек ақы республика бойынша ең төменгі айлық мөлшерінде бекітілсін.
6. Успен ауданының "Қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік жұмыс орындарының аудандық бюджеттен бөлінген қаражат көлемінде өз уақытында қаржыландырылуын қамтамасыз етсін.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелерге жетекшілік есетін орынбасарына жүктелсін.
8. Осы қаулы бірінші рет ресми жарияланған күннен 10 күн өткен соң қолданысқа енеді.
Аудан әкімі Н. Әутәліпов
Успен ауданы әкімдігінің 2010 жылғы
11 қаңтардағы N 1/6 қаулысына
қосымша
Кәсіпорындар мен ұйымдар тізімі, сұраным
және ұсыныс, көзделген қаржыландыру
N р/с |
Ұйымдар атауы |
Сұраныс (адам саны) |
Ұсыныс (адам саны) |
Қаржыландыру көздері |
1 |
"Успен ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
69 |
69 |
Аудандық бюджет |
2 |
"Қаратай ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
2 |
2 |
Аудандық бюджет |
3 |
"Богатырь ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
2 |
2 |
Аудандық бюджет |
4 |
"Лозов ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
3 |
3 |
Аудандық бюджет |
5 |
"Ковалев ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
2 |
2 |
Аудандық бюджет |
6 |
"Қозыкеткен ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
8 |
8 |
Аудандық бюджет |
7 |
"Ольгин ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
6 |
6 |
Аудандық бюджет |
8 |
"Тимирязево ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
3 |
3 |
Аудандық бюджет |
9 |
"Равнополь ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
13 |
13 |
Аудандық бюджет |
10 |
"Надаровка ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
8 |
8 |
Аудандық бюджет |
11 |
"Қонырөзек ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
7 |
7 |
Аудандық бюджет |
12 |
"Тобылжан ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
2 |
2 |
Аудандық бюджет |
13 |
"Новопокровка ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
6 |
6 |
Аудандық бюджет |
Аудан бойынша жиынтығы |
130 |
130 |
Успен ауданы әкімдігінің 2010 жылға
11 қаңтардағы N 1/6 қаулысына
2 қосымша
2010 жылға арналған қоғамдық жұмыстар түрлерінің тізімі
1. Елді мекендерді қолмен жинау жұмыстары; ескі құрылыстарды бұзу, қоқыс тиеу, елді мекендердегі автожолдардың бойындағы шөптерді және бұталарды шабу, жалпы пайдаланымдағы жерлерді қардан қолмен тазалау, көк тайғақпен күрес.
2. Жолдарды, шұңқырларды жөндеуге (арнаулы біліктіліктің бар екенін талап етпейтін), су құбырларын жүргізуге, канализация коммуникацияларын салуға, көктемгі қалпына келтіру жұмыстарына көмек көрсету.
3. Тұрғын үйлерді, қоғамдық ғимараттарды және әлеуметтік-мәдени бағыттағы объектілерді салуға, қалпына келтіруге, қайта жасауға және жөндеу жұмысына (арнаулы біліктіліктің бар екенін талап етпейтін) көмек көрсету.
4. Мәдени және тарихи ескірткіштерді қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарына (арнаулы біліктіліктің бар екенін талап етпейтін) көмек көрсету.
5. Елді мекендерді экологиялық сауықтыру (көріктендіру және көгалдандыру).
6. Кең ауқымды мәдени бағыттағы шараларды ұйымдастыруға көмек (спорттық жарыстар, фестивальдар), еңбекшілердің қысқы және жазғы бос уақытын, шаңғы жолдарын құру, қысқы қалашықтар, балалардың спорттық жазғы алаңдар ұйымдастыру.
7. Республикалық және аймақтық қоғамдық науқандардың өткізуге көмек (қоғамдық пікір-сұрақ, халық, мал санағына қатысу және т.б.).
8. Учаскелік комиссияға аулаларды аралап шығуда көмек көрсету.
9. Жалғыз басты қарттарға және ауру мүгедектерге мал азығын, отын дайындауға, көмір тиеуге және түсіруге көмек.
10. Әлеуметтік-мәдени бағыттағы ұйымдар мен қоғамдық ғимараттарда от жағушылар.