Шарбақты ауданының Шалдай ауылдық округіндегі елді мекендердің шекараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Бірлескен Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 04 тамыздағы N 213/4 қаулысы және Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2010 жылғы 04 тамыздағы N 143/8 шешімі. Павлодар облысы Шарбақты ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 3 қыркүйекте N 12-13-111 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 254/3 және Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 267/81 бірлескен қаулысымен және шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 29.09.2020 № 254/3 және Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 29.09.2020 № 267/81 бірлескен қаулысымен және шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, 31 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12 бабының 3) тармақшасына сәйкес, белгіленген тәртіпте бекітілген қала құрылысы құжаттамасы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ, ал аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Қосымшаға сәйкес Шарбақты ауданының Шалдай ауылдық округінің Сүгір, Бозалаң, Садық-Ащы, Шошқалы және Шалдай ауылдық елді мекендерінің шекаралары белгіленсін.

      2. Осы шешім және қаулының орындалуын бақылау Шарбақты ауданының заңдылық және әлеуметтік саясат мәселелері жөніндегі аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім мен қаулы ресми жарияланған күннен бастап, қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі

С. Смагулов

Сессия төрағасы,


аудандық мәслихат хатшысының


міндетін атқарушы

И. Миронец


  2010 жылғы 4 тамыздағы Шарбақты
аудандық мәслихатының N 143/28
Шарбақты аудан әкімдігінің N 213/4
бірлескен шешімі және қаулысына
қосымша

Павлодар облысы Шарбақты ауданы Шалдай ауылдық
округінің аумағы 368,1 га Сүгір елді мекенінің жер
телімінің шекарасын белгілеудің сұлбалық сызбасы

      Ескерту. Қағаз нұсқада берілген

Павлодар облысы Шарбақты ауданы Шалдай ауылдық
округінің аумағы 164,9 га Бозалаң елді мекенінің жер
телімінің шекарасын белгілеудің сұлбалық сызбасы

      Ескерту. Қағаз нұсқада берілген

Павлодар облысы Шарбақты ауданы Шалдай ауылдық
округінің аумағы 312,2 га Садық-Ащы елді мекенінің жер
телімінің шекарасын белгілеудің сұлбалық сызбасы

      Ескерту. Қағаз нұсқада берілген

Павлодар облысы Шарбақты ауданы Шалдай ауылдық
округінің аумағы 169,1 га Шошқалы елді мекенінің жер
телімінің шекарасын белгілеудің сұлбалық сызбасы

      Ескерту. Қағаз нұсқада берілген

Павлодар облысы Шарбақты ауданы Шалдай ауылдық
округінің аумағы 449,0 га Шалдай елді мекенінің жер
телімінің шекарасын белгілеудің сұлбалық сызбасы

      Ескерту. Қағаз нұсқада берілген

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады