Алматы қаласында 2010 жылға арналған көшіп-келу квотасы бойынша қоныс аударатын оралмандарды қабылдау және орналастыру туралы

Жаңа

Алматы қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 10 наурыздағы N 1/154 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2010 жылғы 2 сәуірде N 840 тіркелді

      «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңын, «Оралмандардың 2009-2011 жылдарға арналған көшіп келу квотасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 17 қарашадағы № 690 Жарлығын басшылыққа алып, «Оралмандардың 2010 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 5 ақпандағы № 74 қаулысын орындау мақсатында Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ұсынылсын:
      1) Көші-қон комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті (келісім бойынша):
      жылға арналған Алматы қаласына көшіп-келу квотасы бойынша қоныс аударатын 140 оралмандар отбасыларын (бұдан әрі мәтін бойынша-оралмандар) қабылдауды, орналастыруды, тіркеуді және есебін жүргізуді;
      көшіп-келу квотасы бойынша көшіп келген оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне біржолғы жәрдемақылар мен өтемақыларды төлеуді;
      2) Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің Көші-қон полициясы басқармасы (келісім бойынша) оралмандардың Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға және Алматы қаласының аумағында тұруға рұқсат беретін құжаттар алып, дер кезінде тіркелуіне шаралар қабылдауды;
      3) Алматы қаласы Әділет департаменті (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейін, оралмандарды дер кезінде тіркеуді және құжаттарын ресімдеуді;
      4) Алматы қаласы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті және «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның Алматы қалалық филиалы (келісім бойынша) оралмандарға Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған зейнетақылар мен жәрдемақылардың уақытылы есептеп жазылуын жүзеге асырсын.
      2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
      1) Алматы қаласы Білім басқармасы мұқтаж оралмандарға мектепке дейінгі ұйымдардан, мектептерден және басқа да білім мекемелерінен орындар беруді;
      2) Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы оралмандардың тегін медициналық көмектің кепілді көлемін алуын;
      3) Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы оралмандарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің көрсетілуін, сондай-ақ, жұмысқа орналасуларына, біліктіліктерін көтеруге және жаңа мамандықтарды игерулеріне жәрдемдесуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары М.Ш. Мұқашевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған соң он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі                А. Есімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады