Алматы қаласы аумағында карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 29 маусымдағы N 2/450 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2010 жылғы 12 шілдедегі N 854 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 21 шілдедегі N 3/588 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 21.07.2014 N 3/588 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы «Өсімдіктердің карантині туралы» Заңының 9-1 бабы 3) тармағын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция Комитеті Алматы қаласы бойынша Аумақтық инспекциясының 2010 жылғы 26 қаңтардағы № 04-09/131 Алматы қаласы аумағында аса қауіпті карантинді зиянкестердің: шығыс жеміс жемірінің (Grapholitha molesta (Busck)), калифорниялық бітенің (Quadraspidiotus perniciosus (Comst)), Комсток сымырының (Pseudococcus comstocki (Kuw)) және арам шөптердің: жапырақты жусан ойраншөбінің (Ambrosia artemisiifolia (L)), арамшырмауықтың (Cuscuta Campestris (Yuncker)) (бұдан әрі мәтін бойынша – карантинді нысан) табылғаны туралы ұсынысы негізінде Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:     
      1. Алматы қаласының аумағында карантин нысанын толық жойғанға дейін карантин режимін енгізу арқылы, қосымшаға сәйкес, карантин аймағы белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті Алматы қаласы бойынша Аумақтық инспекциясына (келісім бойынша) карантин нысандарының таралу ошағын оқшауландыру және жою бойынша іс-шаралар өткізу тәртібін әзірлеу және олардың өткізілуіне бақылауды жүзеге асыру ұсынылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Шормановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.

      Алматы қаласының әкімі               А. Есімов

Алматы қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 29 маусымдағы
N 2/450 қаулысына
қосымша

Алматы қаласы аумағында карантин режимін енгізе отырып,
карантин аймағын белгілеу туралы


р/с



Аудандар атаулары

Карантин нысандарын түрлері бойынша залалданған гектарлы алаңдар

Шығыс
жеміс жемірі

Калифор-ниялық біте

Комсток сымыры

Жапырақты
жусан
ойраншөбі

Арамшыр-
мауық

1.

Алмалы ауданы, барлығы:

2

5


0,052

0,046


оның ішінде:







Опера театрының сквері

0,3

1





«Астана» алаңындағы сквер

0,4

1





«Қаздрамтеатрының» сквері

0,5

1





Жароков-Жамбыл көшесіндегі сквері

0,6

1





Төле би көшесіндегі (Жароков және Розыбақиев көшелерінің арасындағы) сквер

0,2

1





көшелер




0,052

0,046

2.

Әуезов ауданы, барлығы:

15

25

-

7,23

6,561


оның ішінде:







«Фэмили» саябағы

5

10





№ 26 орта мектебі




0,004



көшелер




7,226

6,561


үй іргесіндегі учаскелер

10

15




3.

Алатау ауданы, барлығы:

5

5

-

0,508

0,516


оның ішінде:







«Кенжехан» базары Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі





0,001


үй іргесіндегі учаскелер

5

5





көшелер




0,508

0,515

4.

Бостандық ауданы, барлығы:

15

81

-

1,24

1,35


оның ішінде:







Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өсімдіктану және ортаға жерсіндіру институты

8

60





«Нұрсұлтан» Дендро саябағы

2

6





«Атакент» Іскерлік Ынтымақтастық Орталығы


10





көшелер




1,24

1,35


үй іргесіндегі учаскелер

5

5




5.

Жетісу ауданы, барлығы:

20

20

-

6,35

2,616


оның ішінде:







«Жасылжелекқұрылыс» Акционерлік Қоғамы

10

10


0,8

0,3


көшелер




5,55

2,316


үй іргесіндегі учаскелер

10

10




6.

Медеу ауданы, барлығы:

35

44

3

7,84

3,07


оның ішінде:







М.Горький атындағы Мәдениет және демалыс орталық саябағы

5

5

2




28 гвардияшы-
панфиловшылар атындағы саябақ

1

6





«Алматы хайуанаттар бағы» Мемлекеттік Коммуналдық Қазынашылық Кәсіпорны

2

2





«Медеу» Мемлекеттік табиғи саябағы» мемлекеттік мекемесі

15

15


0,1



«Думан» ықшамауданындағы сквер




4,05

3


көшелер




3,69

0,7


үй іргесіндегі учаскелер

12

16

1



7.

Түрксіб ауданы, барлығы:

25

32

-

7

7,43


оның ішінде:







«Баум» шағын орманы

8

20





Сейфуллин даңғылы – Чехов көшесінің қиылысындағы саябақ

3

2





«Жасылжелекқұрылыс» Акционерлік Қоғамы (көшеттік)

3

5





Автодром

1






«Астана-Контракт» уақытша сақтау қоймасы




0,1

0,1


«Алматы халықаралық әуежайы» Акционерлік Қоғамы




0,8

1,2


«Бу қазанды – қосалқы жабдықтар және құбырлар зауыты» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі




0,003



көшелер




6,097

6,13


үй іргесіндегі учаскелер

10

5





Алматы қаласы бойынша барлығы:

117

212

3

30,22

21,589

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады