2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында облыс аумағындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі N 90 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 29 сәуірде N 1744 тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының 2011 жылғы 17 қазандағы N 01.04-08/2964 хаты)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының 2011.10.17 N 01.04-08/2964 хаты)

      «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңы 19-бабы 3-тармағына сәйкес және «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы наурыздағы 29 № 960 Жарлығы негізінде облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес облыстық шақыру комиссиясының құрамы құрылсын.
      2. Аудандар мен Петропавл қаласының әкімдіктері:
      қорғаныс істері жөніндегі аудандық (қалалық) бөлімдер (басқармасы) арқылы аудан (қала) аумағындағы мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін;
      аудандық (қалалық) шақыру комиссияларын (әрі қарай – шақыру комиссиялары) құрсын;
      мыналармен қамтамасыз етсін:
      қорғаныс істері жөніндегі аудандық (қалалық) бөлімдер (басқарма) шақыру комиссиясының жұмысы үшін үй-жаймен;
      автомобиль көлігі және техникалық қызметкерлердің қажетті санын бөлуді;
      көрсетілген іс-шараларды орындауға байланысты шығындарды осы мақсаттарға бөлінген ассигнация шегінде, жергілікті бюджет есебінен қаржыландыруды.
      3. Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы:
      Петропавл қаласындағы облыстық жинау пунктіндегі медициналық комиссияның жұмысын қамтамасыз етсін;
      шақырушыларды медициналық комиссияларды дәрігер-мамандармен, соның ішінде тар саладағы дәрігерлермен толықтырсын;
      шақырту комиссиясымен жіберілген азаматтарды медициналық тексеру үшін емдеу-алдын алу мекемелерінде орындар көздесін.
      4. Солтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаменті (келісім бойынша) мыналарды қамтамасыз етсін:
      азаматтарды шақыру кезеңінде қорғаныс істері жөніндегі аудандық (қалалық) бөлімдермен (басқармамен) өзара іс-әрекетті ұйымдастыруды;
      әскерге шақырылушыларды әскери бөлімдерге аттандыру және жіберу кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауға;
      мерзімдік әскери қызметке шақырудан жасырынатын тұлғаларды жеткізу.
      5. Солтүстік Қазақстан облысының мәдениет басқармасы шақыру пункттерінде көркемөнерпаздар ұжымының өнерін және әскери-патриоттық тақырыптарға кинофильмдер көрсетуді ұйымдастырсын.
      6. Солтүстік Қазақстан облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы облыстық жинау пунктінде спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізуді ұйымдастырсын.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін мәселелері бойынша облыс әкімінің орынбасарларына жүктелсін.
      8. Осы каулы бірінші ресми жарияланған күннен бастап колданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                С. Біләлов

      «КЕЛІСІЛДІ»:

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Қорғаныс істері жөніндегі
      департаментінің бастығы                    М. Зейнуллин

      Солтүстік Қазақстан облысы
      ішкі істер департаментінің
      бастығы                                    Д. Түсіпбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады