Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабы 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Преамбула жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 13.12.2018 № 361 бірлескен қаулысы және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 13.12.2018 № 27/10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.1. Солтүстік Қазақстан облысының кейбір елді мекендері таратылсын:
Есіл ауданы Ильинка ауылдық округі Өндіріс, Веселые Крутинки ауылдары;
Мамлют ауданы Қызыләскер ауылдық округі Новое ауылы;
Аққайың ауданы Лесной ауылдық округі Қызыл жұлдыз ауылы;
Тайынша ауданы, Кантемир ауылдық округінің Дорожное ауылы таратылсын.
Ескерту. 1- тармағында "селолық", "селолары", "селосы" сөздері "ауылдық", "ауылдары", "ауылы" сөздерімен ауыстырылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 13.12.2018 № 361 бірлескен қаулысы және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 13.12.2018 № 27/10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | С. Біләлов |
XXVI сессияның төрағасы, | |
облыстық мәслихаттың хатшысы |
Қ. Едіресов |