Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2010.12.13 N 30/17 Шешімімен
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-ІV Қазақстан Республикасы Кодексінің 495-бабы 9-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңның 6-бабы 5-тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШТI:
1. «Қоршаған ортаға эмиссия үшін 2010 жылға арналған төлем мөлшерлері туралы» облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 20/5 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 19 қаңтардағы № 1735 тіркелген, 2010 жылғы 30 қаңтарда «Солтүстік Қазақстан», 2010 жылғы 30 қаңтарда «Северный Казахстан» газеттерінде жарияланған) келесі өзгертулер енгізілсін:
«Қоршаған ортаға эмиссия үшін 2010 жылға арналған төлем мөлшерлері туралы» облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 20/5 шешімі 4-қосымшасының 1 және 2 жолдары келесі редакцияда мазмұндалсын:
Қозғалмалы көздерден атмосфералық ауаға ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы ставкалары мыналарды құрайды:
р/с |
Отын түрлері |
Пайдаланылған отынның 1 |
1 |
2 |
3 |
Этилденбеген бензин үшін |
0,66 |
|
Дизель отыны үшін |
0,9 |
2. Осы шешім бірінші ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихаттың Облыстық
ХХVІІ сессиясының төрағасы мәслихаттың хатшысы
Т.У. Қоныспаев Қ. Едіресов