2010 жылы облыстың мемлекеттік орман қоры аумағында ормандағы өрттердің алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2010 жылғы 18 тамыздағы N 224 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 22 қыркүйекте N 1754 тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының 2011 жылғы 17 қазандағы N 01.04-08/2964 хаты)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының 2011.10.17 N 01.04-08/2964 хаты)

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі № 477 Орман кодексінің 15-бабы 3) және 11) тармақшаларына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2010 жылы облыстың мемлекеттік орман қоры аумағында ормандағы өрттердің алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар қоса берілген Жоспарға сәйкес іске асырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.С.Сапаровқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                С. Біләлов

      КЕЛІСІЛДІ:
      Қазақстан Республикасы
      Төтенше жағдайлар министрлігі
      Солтүстік Қазақстан облысының
      төтенше жағдайлар
      департаменті бастығының м.а.               Қ. Сүйіндіков

      Қазақстан Республикасы Көлік
      және коммуникация министрлігі
      Автомобиль жолдары комитеті
      Солтүстік Қазақстан облыстық
      департаменті бастығының м.а.               А. Жүсіпов

      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Орман және аңшылық
      шаруашылығы комитеті
      Солтүстік Қазақстан облыстық
      орман және аңшылық
      шаруашылығы аумақтық
      инспекциясы бастығының м.а.                Ж. Бәшіров

Облыс әкімдігінің 2010 жылғы
18 тамыздағы № 224 қаулысына
қосымша

2010 жылы облыстың мемлекеттік орман қоры аумағында ормандағы өрттердің алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспары

р/с

Іс-шаралар

Орындауға жауаптылар

Орында
лу мер
зімі

1

Өрт – химиялық стансаларды, өртке қарсы жасақтарды, тірек пункттерін қажетті персоналмен, өртке қарсы керек-жарақтармен, техникамен, жанар-жағармай материалдарымен толықтырылуын қамтамасыз ету.

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы (келісім бойынша).

Тұрақты

2

Орман өрттерін байқау және сөндіру құралдарының толық дайындығын қамтамасыз ету.

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы (келісім бойынша).

Тұрақты

3

Мемлекеттік орман мекемелері мен «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы өңірлік бөлімшелерінің өрт қауіптілігі кезеңі дайындығына ұдайы тексеріс жүргізу.

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Солтүстік Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті (келісім бойынша), табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы (келісім бойынша).

Тұрақты

4

Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ормандарда өрт қауіпсіздігі тәртібін бұзуға кінәлі тұлғаларға жауапкершілік шараларын түсіндіре отыра, орман өртінің алдын алу бойынша кеңінен түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру.

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы (келісім бойынша).

Тұрақты

5

Барлық өрт қауіптілігі кезеңінде мемлекеттік орман мекемелерінің техникалық құралдарды ормандарды өртке қарсы қорғауға байланысты жұмыстарға пайдалануын қамтамасыз ету.

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

Өрт қаупі маусымының аяқталуына дейін

6

Жоғарғы өрт қауіптілігі кезеңінде көлік құралдарының кіруін, табиғат ескерткіштері мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға, қылқанды екпелерге жеке тұлғалардың баруын шектеу, кіретін жерлерге уақытша біріккен жол полициясы мен мемлекеттік орман күзетінің бекеттерін қою.

Аудан және Петропавл қаласының әкімдері, ішкі істер департаменті, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы (келісім бойынша).

Жоғарғы өрт қауіптілігі кезеңі

7

Жоғарғы өрт қауіптілігі кезеңінде мемлекеттік орман қоры аумағында жеке тұлғалардың болуына тыйым салу.

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Солтүстік Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы (келісім бойынша), табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы (келісім бойынша).

Жоғарғы өрт қауіптілігі кезеңі

8

Шаруа қожалықтарымен және өзге де ауыл шаруашылығы ұйымдарымен ауыл шаруашылық алқаптарында, жайылымдарда және пішендерде, орман қорына жақын орналасқан аумақтарда сабандарды, қалдықтарды және өзге де өсімдік қалдықтарын күйдіруге бақылауды қамтамасыз ету.

Аудан әкімдері, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті (келісім бойынша).

Тұрақты

9

«Қоршаған ортаға орман өртінің әсер етуі» тақырыбына жалпы мектеп жиналысын және сынып сағаттарын өткізу.

Аудан және Петропавл қаласының әкімдері, білім басқармасы.

Кесте бойынша

10

Орман және дала өртімен қамтылған аумақтардан тұрғындарды эвакуациялау мәселелерін пысықтау.

Аудан әкімдері, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті (келісім бойынша).

Кесте бойынша

11

Аудандық кеңестерде мүмкіндігіне қарай облыс ормандарын өрттен сақтау мәселелерін қарастыру.

Петропавл қаласы және аудан әкімдері, ауыл шаруашылығы басқармасы, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы (келісім бойынша).

Қажеттілігіне қарай

12

Орман пайдаланушылардың шарттық міндеттемелерді, өрт қауіптілігі кезеңінде өртке қарсы іс-шаралардың жедел жоспарын орындаулары бойынша және өрт сөндіргіш құралдарының бар-жоғына бақылауды қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Солтүстік Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті (келісім бойынша)

Тұрақты

13

Автомобиль жолдары жиегіндегі өртке қарсы минералдандырылған алқаптар мен жел қорғаушы орман алқаптарын тиісті өртке қарсы жағдайда ұстау.

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық департаменті (келісім бойынша), жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы.

Тұрақты

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады