Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгертудің кейбір мәселелері туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы N 30/10 шешімі және Солтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы N 353а біріккен қаулылары. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 18 қаңтарда N 1770 тіркелді

      Ескерту. Барлық мәтін бойынша "селолық", "селолары", "селосы" деген сөздер "ауылдық", "ауылдары", "ауылы" деген сөздермен ауыстырылды - бірлескен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 14.06.2017 № 242 қаулысымен және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 14.06.2017 № 14/5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткең соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 3) тармақшасына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және облыстық мәслихат ШЕШТІ:

      1. Таратылсын және деректер тізімінен шығарылсын: Уәлиханов ауданы бойынша: Қарасу ауылдық округінің Баянбай ауылы Қарасу ауылдық округі Аққұдық ауылының құрамына енгізумен;

      Қарасу ауылдық округінің Жарыққопа ауылы Қарасу ауылдық округі Аққұдық ауылының құрамына енгізумен;

      Қарасу ауылдық округінің Қазанғап ауылы Қарасу ауылдық округі Золотая Нива ауылының құрамына енгізумен;

      Қайрат ауылдық округінің Жуантөбе ауылы Қайрат ауылдық округі Қайрат ауылының құрамына енгізумен;

      Амангелді ауылдық округінің Саға ауылы Амангелді ауылдық округі Тілеусай ауылының құрамына енгізумен;

      Қаратерек ауылдық округінің Күрлеуіт ауылы Қаратерек ауылдық округі Қаратерек ауылының құрамына енгізумен;

      Тайынша ауданының Қантемір ауылдық округі;

      Ғабит Мүсрепов атындағы ауданның Приишим ауылдық округі.

      2. Қайта құрылсын: Тайынша ауданы Теңдік ауылдық округін оның құрамына Кантемировец, Котовское селолары мен таратылған Кантемир ауылдық округінің аумағын енгізумен;

      Ғабит Мүсрепов атындағы ауданның Шөптікөл ауылдық округін оның құрамына Разгульное ауылы мен таратылған Приишим ауылдық округінің аумағын енгізумен;

      3. Осы қаулы мен шешім оны алғаш ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі С. Біләлов
      Облыстық мәслихаттың
      Хатшысы Қ. Едіресов
      Облыстық мәслихаттың
      ХХХ сессиясының төрағасы Е. Әбиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады