Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65-жылдығына азаматтардың жекелеген санаттарына бір жолғы материалдық көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 12 сәуірдегі N 421 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 23 сәуірде N 13-1-178 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 2012 жылғы 1 маусымдағы N 1032 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 2012.06.01 N 1032 Қаулысымен

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Заңы 31-бабы 2-тармағына, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 Заңының 20-бабына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65-жылдығына азаматтардың мына санаттарына біржолғы материалдық көмек (бұдан әрі – біржолғы материалдық көмек) көрсетілсін:
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне – 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестiрiлген адамдарға (жауынгер-интернационалистер мен техногендік сипаттағы апаттардың зардаптарын жоюға қатысқандарды қоспағанда) – 5 000 теңге мөлшерінде;
      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда кемінде 6 ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) адамдарға - 2 000 теңге мөлшерінде;
      2. «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65-жылдығына орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, сондай-ақ оларға теңестірілген, оның ішінде майдандағы армия құрамына кірмеген, 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 3 қыркүйек аралығындағы кезеңде әскери бөлімшелерде, мекемелерде, әскери-оқу орындарында қызметтен өткен, запасқа босатылған (отставка), «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалімен немесе «Жапонияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған әскери қызметшілерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда кемінде алты ай жұмыс істеген (қызметте болған) адамдарға біржолғы материалдық көмек төлеу» 451-020-015 бюджеттік бағдарламасы бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
      3. «Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі біржолғы материалдық көмек тағайындауды және төлеуді қамтамасыз етсін.
      4. «Петропавл қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қала бюджетімен бекітілген қаражаттандыру шегінде біржолғы материалдық көмекті қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ғ.Қ. Балтабаеваға жүктелсін.
      6. Осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Петропавл қаласының
      әкімі                                      Н. Әшімбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады