"Қазақстан Республикасының ер азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды ұйымдастыру туралы" Петропавл қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 21 сәуірдегі N 467 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 29 қыркүйектегі N 1409 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 6 қазанда N 13-1-183 тіркелді

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213-І Заңы 28-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңы 31-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74-III Заңының 17-бабы 5-тармағына, 20-бабына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының ер азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды ұйымдастыру туралы» Петропавл қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 21 сәуірдегі № 467 қаулысына (2010 жылғы 30 сәуірдегі № 13-1-180 Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2010 жылғы 7 мамырдағы № 21 (283) «Қызылжар Нұры» және 2010 жылғы 7 мамырдағы № 20 (330) «Проспект СК» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 1 қосымшада:
      комиссия құрамына енгізілсін:

Сейітқасымов Ербол Асылбайұлы

комиссия төрағасы, «Петропавл қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі бастығының лауазымын уақытша атқарушы (келісім бойынша)

Шитқанов Серікжан Шалабайұлы

комиссия төрағасының орынбасары, «Петропавл қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы

      комиссия құрамынан шығарылсын: Исмаилов Мәлікжан Тұрсынұлы, Әсриев Алғали Әмірұлы.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі орынбасарының міндетін атқарушы М.Қ. Балғашоқоваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Петропавл
      қаласының әкімі                            Н. Әшімбетов

      «КЕЛІСІЛДІ»
      «Петропавл қаласының Қорғаныс
      істері жөніндегі басқармасы»
      мемлекеттік мекемесі бастығының
      лауазымын уақытша атқарушы                 Е. Сейітқасымов

       «Солтүстік Қазақстан облысының
      денсаулық сақтау басқармасы»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Е. Байжүнісов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады