Петропавл қаласының гүлбақтарына атау беру туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2010 жылғы 14 желтоқсандағы N 2 шешімі және Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 14 желтоқсандағы N 1817 біріккен қаулылары. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 26 қаңтарда N 13-1-189 тіркелді

      «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 Заңы 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Петропавл қаласы ономастика комиссиясының шешімі, түсіндірме хаты, экономикалық есептеулер негізінде және қала тұрғындарының пікірін ескере отырып, Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Петропавл қаласының гүлбақтарына мынадай атаулар берілсін:
      1) Казахстанская правда көшесінде орналасқан гүлбаққа Үкілі Ыбырайдың есімі берілсін;
      2) Шоқан Уәлиханов және Айыртау көшелерінің қиылысында орналасқан гүлбаққа Шоқан Уәлихановтың есімі берілсін.
      2. Осы бірлескен қаулы және шешім бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

      Қала әкімнің м.а.                        А.Макаров

      Қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы                     А.Фомин

      Қалалық мәслихат хатшысы                 Р.Сыздықов
 
 


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады