2010 жылға Аққайың ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы және әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық мәслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы N 20-4 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 11 мамырда N 13-2-118 тіркелді. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің 2013 жылғы 2 сәуірдегі № 04-07/1933 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің 02.04.2013 № 04-07/1933 хаты)

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, «Ауыл аумақтарын және агроөнеркәсіп кешеннің дамуын мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңы 7-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерлерін және Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысының 2-тармағына сәйкес, Аққайың ауданы әкімінің 2010 жылғы 4 ақпандағы № 02.03-01-29-170 хатын қарап, аудандық мәслихаттың сессиясы ШЕШТІ:
      1. 2010 жылға өтінген қажеттілігінің есебімен Аққайың ауданының елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына:
      1) өтініш түскен кезеңнен жетпіс есептік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
      2) өтініш түскен кезеңнен тұрғын үй алу үшін мамандардың өтінген сомасында бюджеттік кредит сомасы алты жүз отыз есептік айлық көрсеткіштен аспайтын әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жариялағаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      ІV шақырылған ХХ сессияның                 Аудандық
      төрағасы                                   мәслихаттың хатшысы
      А. Фильберт                                Б. Біләлов
 
 
 
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады