Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің 2011.11.10 N 48 Шешімімен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17, 18-баптарына, «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысына сәйкес, әскерге шақырылушыларды әскери есепке қою үшін, аудан әкімі ШЕШТІ:
1. Аққайың ауданының аумағында 2011 жылы қаңтар-наурызда шақыру жылы он жеті жасқа толатын және одан үлкен жастағы шақыру учаскесінде бұрын тіркелмеген Қазақстан Республикасының ер азаматтардың тіркеуі ұйымдастырылып және қамтамасыз етілсін.
2. Ұсынылсын:
2.1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Аққайың аудандық орталық аурухана» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша):
1) шақырылушыларды медициналық куәландыру үшін мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі бар дәрігер мамандарды және орта медициналық қызметшілердің қажетті санын бөлінсін.
2) әскерге шақырылушыларды стационарлық тексеру үшін Аққайың аудандық орталық ауруханасында терапевтік бөлімде - 9 орын, хирургия бөлімінде - 3 орын қарастырсын.
2.2. «Аққайың ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) (бұдан әрі мәтін бойынша – Қорғаныс бөлімі):
1) шақыру бекетіне үй жай бөліп және оның қалыпты жылыту жағдайын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолдансын;
2) әскерге шақырылушылармен әскери-патриоттық тәрбие жөнінде жұмысты өткізу үшін шақыру учаскесінде үгіт бекетін ұйымдастырсын.
3) 1994 жылғы және одан үлкен жаста, бұрын шақыру учаскесінде тіркелмеген азаматтардың тіркеу кестесі жасалсын және округ әкімдеріне жеткізілсін.
2.3. «Аққайың аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) шақыру учаскесіне азаматтардың тіркеуін өткізу кезінде:
1) Қорғаныс бөлімінің мәлімдемесі бойынша әскери есепке тіркелуден бас тартқандарды іздестіру және ұстауды жүзеге асырсын;
2) құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін шақыру учаскесіне азаматтарды тіркеу кезінде полиция қызметкерін бөлсін;
3) шақыру учаскесіне дейін әскерге шақыру жасына дейінгі шақырушыларды полиция инспекторы алып баруын ұйымдастырсын.
3. Селолық округ әкімдері:
1) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне шақыру учаскесіне тіркелуге жататын әскерге шақыру жасына дейінгі шақырылушылардың тізімін ұсынсын;
2) әскерге шақыру жасына дейінгі шақырылушылардың шақыру учаскесіне белгіленген мерзімде келуін және оларды әскери есепке алу жөніндегі маман мен полиция учаскесінің инспекторы бірлесіп кері алып баруды қамтамасыз етсін.
4. «Аққайың аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі тіркеу жөніндегі іс-шаралардың қаржыландырылуын жергілікті бюджетте осы мақсаттарға қарастырылған қаржы есебінен қамтамасыз етсін.
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Қ. Нәсиге жүктелсін.
6. Осы шешім Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші ресми жарияланған кезден бастап 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Р. Елубаев
КЕЛІСІЛГЕН:
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Солтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің «Аққайың аудандық
орталық аурухана» коммуналдық
мемлекеттік қазыналық
кәсіпорнының бас дәрігері Т.С Күсемicов
Солтүстік Қазақстан облысы
ішкі істер департаментінің
«Аққайың аудандық ішкі істер
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
бастығы Б. А.Жахин
«Аққайың ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы В.В. Гриб