Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» № 4200 Заңының 14-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Саумалкөл селосының Озерная көшесі тұрғындарының пікірін ескере отырып, селолық округ әкімі ШЕШІМ қабылдады:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Саумалкөл селосының, Озерная көшесінің атауы Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Саумалкөл селосының Сыздықов Дәулетбай Сыздықұлы көшесіне өзгертілсін.
2. Осы шешім бірінші ресми түрде жарияланғаннан кейін, он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енеді.
Володар селолық округ әкімі С. Икашев