Қазақстан Республикасының 2008 жылдың 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджеттік кодексінің 56-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ақжар ауданының жеке санаттағы мұқтаж болған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетілсін:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне монша және шаштаразға келуге, ай сайын 400 (төрт жүз) теңгеден кем емес көлемінде;
2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тіс протездеуге мұқтаж тұлғаларға, бір жылда бір реттен артық емес тіс протездеу құнының көлемінде (құнды металдар мен металлопластика, металокерамика, металлоакрилдардан басқа;
3) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға; және тағы басқа тұлғаларға жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға; көп балалы аналарға "Алтын Алқа", "Күміс Алқа" немесе ертеде "Ардақты ана" атағына ие болған, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталғандарға; Қазақстан Республикасының алдында ерекше енбек сіңірген үшін зейнетақы тағайындалған тұлғаларға; "Кеңес Одағының Батыры", "Халык- Каһарманы", "Социалистік Еңбек Ері", Даңкы ордені кавалерлері, I,II,III дәрежелі Еңбек даңкы ордені атағына ие болған тұлғалары; Чернобыль АЭС 1988-1989 жылдары болған апат зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға, Қазақстан Республикасына иеліктен айыру аймағынан көшірілген (дербес кеткен) адамдарға, сонымен қатар көшірілген кезде тумаған балаларға; Ұлы Отан соғысында апат (опат болған, хабарсыз жоғалып кеткен) болған жауынгерлердің қайта неке қимаған жесір қалған әйелдеріне; Ұлы Отан Соғыс жылдарында қайраттылық және мінсіз әскери қызмет үшін бұрыңғы еңбек Кеңес Социалистік Республикалар Одағының орден мен медальдармен марапатталған тұлғалар, және 1941 жылдағы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр күніне дейін алты айдан кем емес Ұлы Отан Соғысындағы тылда жанкешті енбек сіңірген үшін, жұмыс істеген (қызмет еткен) Кеңес Социалистік Республикалар Одағының ордендары және медалдарымен марапатталмаған тұлғаларға; саясаттық репрессиядан зардап шеккен, саясаттық репрессиядан құрбан тұлғаларға, мүгедектігі бар және зейнеткерлерге; барлық топтағы мүгедектерге; жылына бір рет емдеу құны мөлшерінде, түгел санаттағы мүгедектерді санаторлық-курорттық емделуге;
4) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларымен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға; Ұлы Отан соғысында апат (опат болған, хабарсыз жоғалып кеткен) болған жауынгерлердің қайта неке қимаған жесір қалған әйелдеріне; Ұлы Отан Соғыс жылдарында қайраттылық және мінсіз әскери қызмет үшін бұрынғы еңбек Кеңес Социалистік Республикалар Одағының орден мен медальдармен марапатталған тұлғалар; және 1941 жылдағы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр күніне дейін алты айдан кем емес Ұлы Отан Соғысындағы тылда жанкешті енбек сіңірген үшін, жұмыс істеген (қызмет еткен) Кеңес Социалистік Республикалар Одағының ордендары және медалдарымен марапатталмаған тұлғаларға; көп балалы аналарға "Алтын Алқа", "Күміс Алқа" немесе ертеде "Ардақты ана" атағына ие болған, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталғандарға; Қазақстан Республикасының алдында ерекше еңбек сіңірген үшін зейнетақы тағайындалған тұлғалар; стихиялық апаттан зардап шеккен азаматтарға; Чернобыль АЭС 1988-1989 жылдары болған апат зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға, Қазақстан Республикасына иеліктен айыру аймағынан көшірілген (дербес кеткен) адамдарға, сонымен қатар көшірілген кезде тумаған балаларға; барлық топтағы мүгедектерге аудандық бюджетте қаралған қаражат шамасымен, толықтыру өлшем ретінде жылына бір рет материалдық көмек көрсетілсін.
5) Аз қамсыздандырылған отбасылардан шыққан (ең төменгі күнкөріс төмен табысы бар) студенттер мен мемлекеттік көпшілік білім грант иегері бола алмай қалған жетім балаларға жоғары, орта-арнайы оқу орнында және кәсіби- техникалық мектептерде күндізгі және сырттай оқытуға оқу құны мөлшерінде төлеу үшін.
6) Медициналық білімі бар және ауылда үш жыл бойы жұмыс істеуге Ақжар ауданына келген мамандарға әрқайсысына біржолғы 100 000 (жүз мың) теңгеден кем емес көлемінде.
2. Анықталсын:
1) Ұлы Отан Соғысына қатысушылар мен мүгедектері ай сайын моншаға және шаштаразға баруға әлеуметтік көмек, арыз берген айдан тағайындалады және арыз берушінің аудан шекарасына шыққанда немесе қайтыс болуымен аяқталады. Белгіленген жағдайлар болған кездегі айдан кейін келесі айдан төлем тоқтатылады;
2) Аудандық бюджетімен қарастырылған қаражат көлемінде, тіс протездеуге лицензиясы бар, медициналық ұйымымен іске асырылады, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларымен мүгедектеріне теңестірілген тіс протездеуге мұқтаж тұлғаларға тағайындалады, тіс протездеу құнының көлемінде (құнды металдар мен металлопластика, металлокерамика, металлоакрилдардан басқа);
3) Әлеуметтік көмек, уәкілетті орған берген тізімі бойынша әлеуметтік көмек алушының есеп шотына екінші деңгейдегі банк немесе "Қазпошта" АҚ филиалынан аудару арқылы берілсін деп аңықталсын.
4) Әлеуметтік көмек көрсетуге арналған қаржыландыру шығыстары сәйкестік бюджетімен көзделген сома шегінде 451007000 "Жергілікті өкілдік органның шешімі бойынша жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек ";
3. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші ресми жариялаудан кейін он күн өткен соң іске қосылады.
Аудандық мәслихат сессияның төрағасы |
Қ.Нұрұмбеков |
Аудандық мәслихат хатшысы |
М. Жұмабаев |
КЕЛІСІЛДІ: Ақжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы |
С. Мұқалықова |
31.03.2010 ж |