Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2011.03.29 N 30-2 Шешімімен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 18-бабының 8-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» қаулысының 2-тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. 2010 жылда Ақжар ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына тұрғын үй алу үшін әлеуметтік қолдау маманының өтінішіндегі сомасы бюджеттік кредит ретінде берілсін, бірақ өтініш берген кезінде айлық есептік көрсеткіш алты жүзден аспайтын.
2. 2010 жылда Ақжар ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақының сомасы, өтініш берген кезінде жетпіс еселі айлық көрсеткіш.
3. Осы шешімнің жүзеге аысру іс-шаралары ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі өкілетті органы «Ақжар ауданының ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.
4. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші ресми жарияланғаннан күннен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
Сессия төрағасы
аудандық мәслихат хатшысы М. Жұмабаев
КЕЛІСІЛДІ:
Ақжар ауданының ауыл шаруашылық
бөлімінің бастығы А. Киманов