Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 65-жылдығына жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға біржолғы материалдық көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі N 90 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 26 сәуірде N 13-5-108 тіркелді. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 8 сәуірдегі N 02.09.01-05/374 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің 08.04.2013 N 02.09.01-05/374 хаты)

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңның 31-бабына, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары  мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 Заңның 20-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 65-жылдығына бір жолғы материалдық көмекті (одан әрі - бір жолғы материалдық көмек) келесі санаттағы азаматтарға көрсету:
      Ұлы Отан соғысы қатысушылары және мүгедектері – 20 айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде;
      тұлғаларға, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне кепілдіктері мен жеңілдіктері бойынша теңестірілген (жауынгер-интернационалисттер және техногендық апаттардың салдарын жоюға қатысқандарды қоспағанда) – 5 000 теңге мөлшерінде;
      тұлғаларға, Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерлік еңбегі мен жанкешті әскери қызметі үшін тыл еңбеккерлері, бұрынғы Кеңес Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталғандар, сонымен қатар 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейін алты айдан кем емес тылда жұмыс істегендерге – 2 000 теңге мөлшерінде.
      2. Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 65-жылдығына бір жолғы материалдық көмек төлемі жергілікті бюджет қаражатынан 451-020-015 «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, сондай-ақ кепілдіктері мен жеңілдіктері бойынша оларға теңестірілген оның ішінде әскерден мүлдем шығарылғандарға (әскери қор), 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 3 қыркүйегіне дейін әскери қызметті қолданыстағы армия құрамына енбеген әскери бөлімдерде, мекемелерде, әскери-оқу орындарында атқарғандар, 1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалі немесе «Жапонияны жеңгені үшін» медалімен марапатталғандар, Ұлы Отан соғысы кезінде алты айдан кем емес тылда жұмыс істегендерге (қызмет жасағандар) Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 65-жылдығына бір жолғы материалдық көмек төлемдері» бюджеттік бағдарламасы бойынша төленеді.
      3. «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бір жолғы материалдық көмектің тағайындалуы мен өтелуін қамтамасыз ету.
      4. «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бір жолғы материалдық көмектің қаржыландыруы аудан бюджетімен бекітілген ассигнования шегінде қамтамасыз ету.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы                          А. Күшенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады