Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің 2010.12.20 N 352 Қаулысымен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 28-бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2010 жылғы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» аудан әкімдігінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 94 (2010 жылғы 6 мамырдағы № 13-5-112 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде тіркелген, 2010 жылғы 17 мамырдағы № 20 «Новости Приишимья», 2010 жылғы 17 мамырдағы № 20 «Есіл өңірі» газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген, 2010 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, түрлері, көлемі Тізбесінде:
«Бірлік ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі» 2 тармағында:
«1. Селолық елді мекендерді көгалдандыруға және абаттандыруға көмек көрсету» жолында:
«Адам саны» бағанында:
«6» саны «10» санымен ауыстырылсын;
«2. Селолық елді мекендерде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін құқық қорғау органдарына көмек тобына қатысу» жолы алынып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары Айбек Оралбекұлы Күшеновке жүктелсін.
3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Аудан әкімі М. Тасмағанбетов