Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық әкімдігінің 09.04.2013 N 143 қаулысымен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 31-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңы 7-бабы 5) тармақшасына, 20-бабы 5-тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес, жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға бөлуді реттеу мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоғамдық жұмыс түрлері, көлемі, ұйымдар тізбесі, (бұдан әрі мәтін бойынша - Тізбе) қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бекітілген Тізбеге сәйкес, жұмыссыз азаматтарды қоғамдық жұмыстарға жіберуді жүзеге асырсын.
3. Қоғамдық жұмыстарға сұраныс және ұсыныс анықталсын:
жұмыс орындарына мәлімделген қажеттілігінің санында – 357 адам;
жұмыс орындарына бекітілген қажеттілігінің санында – 357 адам.
4. Қаржылық жылға сәйкес Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қоғамдық жұмысшылардың ең төменгі жалақы көлемінде еңбекақы төленсін. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
5. Жұмыс берушімен жұмысшылар арасында бекітілген қарастырылған еңбек шартында, қоғамдық жұмыс шарты екі демалыс күнімен (сенбі, жексенбі) 5 жұмыс күн ұзақтығымен анықталады, сегіз сағаттық жұмыс уақыты, түскі үзіліс - 1 сағат, еңбек шартын жұмыс уақытын ұйымдастыру иілгіш формада қолданылсын.
6. Еңбек және техникалық қауіпсіздікті қорғау бойынша нұсқаулық, арнайы киіммен, құрал-саймандармен және жабдықтаумен, уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша әлеуметтік төлем, зиянды төлеу, зақымдану немесе басқа бұзылған денсаулық себептеріне, зейнеткерлік және әлеуметтік қаржы бөлу Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жүргізілсін.
7. Күші жойылды деп танылсын:
1) «2010 жылы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» аудан әкімінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 94 қаулысы (аудандық газеттерде 2010 жылғы 17 маусымдағы № 20 «Есіл өңірі» 2010 жылғы 17 маусымдағы № 20 «Новости Приишимья» жарияланған, 2010 жылғы 6 маусымдағы № 13-5-112 мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тіркелімінде тіркелген);
2) «2010 жылы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» аудан әкімдігінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 94 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» аудан әкімінің 2010 жылғы 17 маусымдағы № 128 қаулысы (2010 жылғы 31 маусымдағы № 22 «Новости Приишимья» аудандық газетінде жарияланған, 2010 жылғы 24 маусымдағы № 13-5-114 мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тіркелімінде тіркелген).
8. Осы қаулының орындауын бақылау аудан әкімінің орынбасары Айбек Оралбекұлы Күшеновке жүктелсін.
9. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Аудан әкімі М. Тасмағанбетов
Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 352 қаулысымен бекітілді
Қоғамдық жұмыстардың мөлшері, түрі, ұйымдар тізбесі
№ р/с |
Ұйымның атауы |
Төленетін қоғамдық жұмыс түрлері |
Жұмыс көлемі |
Адам саны |
1 |
"Андреев селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
1. Селолық елді мекенді көгалдандыру және абаттандыруға көмек көрсету |
Көшелерді қардан тазалау - 1200 шаршы метр, аумақтың көлемі, ескерткіштердің маңы - 450 шаршы метр, көшелерді қоқыстан жинау - 3200 метр, арам шөптерді жұлу - 450 метр, ағаштарды кесу - 120 дана, бұтақтарды кесу - 210 бұта, ағаштарды ақтау - 120 дана, ескерткіштерді әктеу, сырлау ішінара жөндеу |
6 |
2. От жағу мезгілінде әкімдік ғимаратына от жағуға көмек көрсету |
Әкімдік ғимаратына от жағу - 1600 шаршы метр |
4 |
||
3. Шаруашылық кітабы бойынша жазбаларды анықтау үшін аула бойынша аралап шығу |
727 істі - аула бойынша аралау |
3 |
||
2 |
"Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
1. Ауылдық елді мекенді абаттандыруға көмек көрсету |
Көшелерді қоқыстардан тазалау - 1500 метр, көшеттерді егу - 30 дана, гүл отырғызатын жерлерді бөлшектеу - 20 дана, дуалдарды әктеу - 120 метр. Көшелерді қардан тазалау - 1200 шаршы метр, арам шөптерді жұлу - 150 метр, ағаштарды кесу - 25 дана, ағаштарды әктеу - 30 дана, Старобелка селосында ескерткіштерді ақтау, сырлау ішінара жөндеу |
10 |
3 |
"Возвышен селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
1. Селолық елді мекенді көгалдандыру және абаттандыруға көмек көрсету |
Орталық алаңды қоқыстан тазарту -650 шаршы метр, селоға кіру кюветтерін қардан тазалау - 10000 метр, ағаштарды кесу - 40 дана, ескерткіштерді сырлау, әктеу, сылау - 2 дана, жол бойындағы шөпті шабу - 7750 метр, клумба қазу - 5 дана, клумба арам шөбін жұлу - 5 дана, ағаштарды кесу - 30 дана |
6 |
2. Шаруашылық кітабы бойынша жазбаларды анықтау үшін аула бойынша аралап шығу |
151 істі - аула бойынша аралау |
2 |
||
4 |
"Гаршин селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
1. Селолық елді мекенді көгалдандыру және абаттандыруға көмек көрсету |
Орталық алаңды қоқыстан тазарту - 900 шаршы метр, ауақты қардан тазалау - 500 шаршы метр, ағаштарды кесу - 20 дана, клумбалар бөлу, егу, арам шөбін жұлу және суару - 5 дана, көше бойындағы шөптерді шабу - 2100 метр, шарбақтарды жөндеу -120 метр, ескерткіштерді сырлау, әктеу, сылау - 2 дана |
4 |
2. Шаруашылық кітабы бойынша жазбаларды анықтау үшін аула бойынша аралап шығу |
143 істі - аула бойынша аралау |
2 |
||
3. Мемлекеттік тілде жүгіну бойынша іс жүргізуде көмек көрсету |
260 құжатты (мәтін, хат, есептерді өңдеу) |
1 |
||
5 |
"Дружба селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
1. Шаруашылық кестесі бойынша жазбаларды анықтау үшін аула бойынша аралап шығу |
858 істі - аула бойынша аралау |
3 |
6 |
"Көкалажар ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
1. Ауылдық елді мекенді абаттандаруға көмек көрсету |
Қоқыстан алаңды тазалау - 1800 шаршы метр, ағаштар мен столбтарды әктеу - 170 дана, ескерткіштерді сырлау, әктеу, сылау - 2 дана, клумба бөлу және гүл егу - 10 клумба, арам шөпты жұлу -1000 метр, орталықтағы алаңды қоқыстан жинау- 900 шаршы метр, селоға кірігу кюветтерін қардан тазалау - 6500 шаршы метр |
6 |
2. Шаруашылық кестесі бойынша жазбаларды анықтау үшін аула бойынша аралап шығу |
296 істі - аула бойынша аралау |
2 |
||
7 |
"Қырымбет селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
1. Селолық елді мекенді көгалдандыру және абаттандыруға көмек көрсету |
Орталық алаңды қоқыстан тазарту - 520 шаршы метр, ағаштары кесу - 50 дана, ағаштар мен столбтарды әктеу - 70 дана, арам шөп жұлу клумба бөлу - 10 клумба, ескерткіштерді сырлау, әктеу, сылау - 3 дана |
3 |
2. Шаруашылық кестесі бойынша жазбаларды анықтау үшін аула бойынша аралап шығу |
198 істі - аула бойынша аралау |
2 |
||
8 |
"Ломоносов селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
1. Селолық елді мекенді көгалдандыру және абаттандыруға көмек көрсету |
Көшелерді қоқыстан тазарту - 800 шаршы метр, ағаштар әктеу - 40 дана, гүлдер, көшеттер егу, суару - 5 клумба, шарбақтарды сырлау, әктеу - 130 метр, ескерткіштердің жанын қоқыстан тазарту - 3 дана |
6 |
2. Шаруашылық кестесі бойынша жазбаларды анықтау үшін аула бойынша аралап шығу |
924 істі - аула бойынша аралау |
1 |
||
9 |
"Нежин селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
1. Селолық елді мекенді көгалдандыру және абаттандыруға көмек көрсету |
Көшелерді қоқыстан тазарту - 880 шаршы метр, көшелерді арам шөптен тазарту - 1500 метр, ағаш отырғызу - 20 дана, жас бұтақшаларды кесу 120 ағаш, ескерткіштің жанын қоқыстан тазарту |
6 |
2. Шаруашылық кестесі бойынша жазбаларды анықтау үшін аула бойынша аралап шығу |
1600 істі - аула бойынша аралау |
5 |
||
10 |
"Новоишим селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
1. Селолық елді мекенді көгалдандыру және абаттандыруға көмек көрсету |
Село көшелерін қоқыстан тазалау - 15200 метр, жол жиектерін қоқыстан тазарту - 30 километр, көшелер бойынша және жол жиектерінің арам шөбін жұлу - 4800 метр. Көшелерді қардан тазалау - 1500 шаршы метр, алаң аймағын, ескерткіштерді әктеу, сырлау, ішінара жөндеу - 3 дана, ағаштарды кесу - 460 дана, бұтақтармен бұталарды кесу, ағаштарды әктеу - 520 дана, орындықтарды әктеу, сырлау - 30 дана |
142 |
2. Шаруашылық кестесі бойынша жазбаларды анықтау үшін аула бойынша аралап шығу |
2500 ауланы - аула бойынша аралау |
9 |
||
3. Жұмыспен қамту мәселесі бойынша және 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындауда қажетті құжаттарды жинауда көмек көрсету |
Істерді дайындау - 233 іс |
2 |
||
11 |
"Новоселов селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
1. Селолық елді мекенді көгалдандыру және абаттандыруға көмек көрсету |
Көшелерді қоқыстан тазарту - 1500 шаршы метр, ағаштардың бұтақтарын кесу - 25 ағаш, ескерткіштерді сырлау, әктеу, сылау - 2 дана, село көшелері бойына екпе егу - 40 дана |
4 |
2. Шаруашылық кестесі бойынша жазбаларды анықтау үшін аула бойынша аралап шығу |
667 ауланы - аула бойынша аралау |
1 |
||
3. Мемлекеттік тілде жүгіну бойынша іс жүргізуде көмек көрсету |
142 құжатты (мәтіндерді, хаттарды, есептерді өңдеу) |
1 |
||
12 |
" Приишим селолық округі әкімгінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
1. Селолық елді мекенді көгалдандыру және абаттандыруға көмек көрсету |
Көшелерді қоқыстан тазалау - 1500 шаршы метр, село көшелерін арам шөптерінен тазалау - 3 километр, ескерткіштерді әктеу, сырлау, ішінара жөндеу - 2 дана, ағаштарды кесу - 10 дана |
3 |
13 |
"Рузаев селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
1. Селолық елді мекенді көгалдандыру және абаттандыруға көмек көрсету |
Алаңды, әкімдік жанын қолмен күн сайын қоқыстан тазалау - 2000 шаршы метр, селоға кіру жол бойындағы кюветтерін қардан тазарту - 6500 метр, селоға кіру жол бойындағы шөпті шабу - 2300 метр, ағаштарды кесу - 120 дана, столбтарды әктеу - 210 дана, қоқысты қолмен арту - 9 арба, ескерткіштерді әктеу, сырлау, ішінара жөндеу - 3 дана |
38 |
2. Шаруашылық кестесі бойынша жазбаларды анықтау үшін аула бойынша аралап шығу |
2600 ауланы - аула бойынша аралау |
3 |
||
3. Жұмыспен қамту мәселесі бойынша және 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындауда қажетті құжаттарды жинауда көмек көрсету |
Істерді дайындау - 580 іс |
1 |
||
14 |
"Салқынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
1. Ауылдық елді мекенді абаттандыруға көмек көрсету |
Село орталығын қармен мұздан тазалау - 1200 шаршы метр, ескерткішті әктеу, сырлау, ішінара жөндеу,село көшелерін қоқыстан тазалау - 5200 шаршы метр, ағаштарды кесу - 120 дана, клумбалар бөлу - 20 дана, суағарларды қардан тазарту - 7 дана |
6 |
15 |
"Тахтаброд селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
1. Селолық елді мекенді көгалдандыру және абаттандыруға көмек көрсету |
Аумақты қоқыстан тазалау - 2200 шаршы метр, көшелер бойынша арам шөпті шабу - 1300 метр, құраған бұталармен ағаштарды кесу - 30 дана, ескерткіштерді әктеу, сырлау, ішінара жөндеу - 5 дана |
6 |
2. Шаруашылық кестесі бойынша жазбаларды анықтау үшін аула бойынша аралап шығу |
800 ауланы - аула бойынша аралау |
2 |
||
3. Жұмыспен қамту мәселесі бойынша және 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындауда қажетті құжаттарды жинауда көмек көрсету |
Істерді даярлау - 262 іс |
1 |
||
16 |
"Червонный селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
1. Шаруашылық кестесі бойынша жазбаларды анықтау үшін аула бойынша аралап шығу |
644 ауланы - аула бойынша аралау |
3 |
17 |
"Чистопол селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
1. Селолық елді мекенді көгалдандыру және абаттандыруға көмек көрсету |
Орталықтағы алаңды қоқыстан тазалау - 2500 шаршы метр, көшеттер егу - 250 дана, столбтарды әктеу - 180 дана, ескерткіштерді әктеу, сырлау, ішінара жөндеу - 5 дана. Көшелерді қардан тазалау - 15 километр, алаң аумағындағы арам шөбін жұлу - 2500 метр, ағаштар кесу - 160 дана, бұтақтарды кесу - 350 бұта |
38 |
2. Шаруашылық кестесі бойынша жазбаларды анықтау үшін аула бойынша аралап шығу |
1200 ауланы - аула бойынша аралау |
5 |
||
3. Жұмыспен қамту мәселесі бойынша және 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындауда қажетті құжаттарды жинауда көмек көрсету |
Істерді даярлау - 397 іс |
2 |
||
4. Мәдениет үйін күзетуде көмек көрсету |
Мәдениет үйі - 3200 шаршы метр |
4 |
||
18 |
"Шөптікөл селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
1. Селолық елді мекенді көгалдандыру және абаттандыруға көмек көрсету |
Орталық алаңды қоқыстан тазалау - 1200 шаршы метр, бұталарды қырқу - 40 дана, ескерткішті ақтау, сырлау, ішінара жөндеу, аялдаманы қардан тазалау, жинау |
4 |
2. Шаруашылық кестесі бойынша жазбаларды анықтау үшін аула бойынша аралап шығу |
368 ауланы - аула бойынша аралау |
2 |
||
19 |
"Шұқыркөл селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
1. Селолық елді мекенді көгалдандыру және абаттандыруға көмек көрсету |
Аумақтарды қардан тазалау - 800 шаршы метр, көшелерді қоқыстан тазалау - 250 метр, ағаштарды кесу, бұталарды шабу - 20 ағаш, ескерткішті әктеу, сырлау, ішінара жөндеу, шарбақтарды сырлау - 120 метр, клумбалар бөлу - 3 дана, арам шөпті жұлу - 300 метр |
4 |
2. Әкімдік ғимаратын от жағу кезеңінде от жағуда көмек көрсету |
Әкімдік ғимараты - 500 шаршы метр |
4 |