2006 жылғы 13 қыркүйектегі N 30-3 "Тұрғын үйді қадағалап ұстау және коммуналдық қызметтерді төлеу үшін Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның күнкөрісі төмен отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) беру туралы Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерту мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов аудандық мәслихатының 2010 жылғы 28 сәуірдегі N 18-2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 4 маусымда N 13-5-115 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 мамырдағы N 13-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық мәслихатының 24.05.2013 N 13-2 шешімімен (ресми алғашқы жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі)

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 6-бабы, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Заңы 97-бабының 2-тармағы негізінде аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 13 қыркүйектегі № 30-3 «Тұрғын үйді қадағалап ұстау және коммуналдық қызметтерді төлеу үшін Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның күнкөрісі төмен отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) беру Ережесін бекіту туралы» шешімі нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде 2006 жылғы 20 қазанда № 13-5-32 (2006 жылғы 6 қарашадағы № 45 «Есіл өңірі» газетінде, 2006 жылғы 6 қарашадағы № 45 «Новости Приишимья» газетінде тіркелген) келесі өзгерту мен толықтыру енгізу:
      Тұрғын үйді қадағалап ұстау және коммуналдық қызметтерді төлеу үшін Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның күнкөрісі төмен отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) беру туралы Ережесіне:
      4 тармақта «15 пайыз мөлшерінде» сөзі «10 пайыз мөлшерінде» сөзіне ауыстырылсын;
      10 тармақты 10-1 тармақтың келесі мазмұнымен толықтыру:
      «10-1. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Тұрғын үй көмегін алуға құқықты отбасыларына жалпы кондоминиум күрделі жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін түбейгелі жөндеуден соң өтемін жасау үшін келесі құжаттарды ұсынады:
      1) жалпы мүлік кондоминиум нысанның күрделі жөндеудің құрылымның жеке түрлерін жасау қажеттілігі туралы қорытындысының көшірмесі (кондоминиум басқару органымен расталады);
      2) тұрғын үй меншік иесімен, тұрғын үй меншік иелері кооперативтерімен жөндеу жұмыстарын жасайтын ұйым арасында кондоминиумның жалпы мүлкіне күрделі жөндеу өткізуіне келісілген келісім шарттың көшірмесі;
      3) жалпы мүлік кондоминиумді күрделі жөндеу бойынша жасаған жұмыстарды қабылдау-тапсыру актісінің көшірмесі (кондоминиум басқару органымен расталады);
      4) кондоминиум құрылымның жалпы мүлігіне күрделі жөндеу жасағандығы үшін өтініш иесінің нақты шығындары туралы кондоминиум бастығынан анықтама;
      2. Осы шешім он күнтізбелік күн өткеннен соң бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді.

      Аудандық мәслихаттың                       Аудандық мәслихат
      XVIII сессиясының төрағасы                 хатшысы
      И. Гроот                                   Б.Ысқақова

      КЕЛIСIЛДI:

      «Жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы           Н. Барақаев
      6 мамыр 2010 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады