Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық әкімдігінің 03.04.2013 N 119 қаулысымен
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағы 14-тармақшасына, «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегi № 39 Заңының 31-бабы 1-тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 7-бабы 5-2) тармақшасына сәйкес аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Есіл ауданының ұйымдарында мүгедектердi жұмысқа орналастыру үшiн жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз көлемiнде жұмыс орындарының квотасы белгiленсiн.
2. «2010 жылға Есiл ауданының кәсiпорындары, мекемелерi және ұйымдарында мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Есiл ауданы әкiмдiгiнiң 2010 жылғы 2 ақпандағы № 40 қаулысының күшi жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 3 наурызында № 13-6-142 тiркелген, 2010 жылғы 19 наурызында № 13 «Есiл таңы», 2010 жылғы 19 наурызында № 13 «Ишим» газеттерiнде жарияланды).
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары А.К. Бектасоваға жүктелсiн.
4. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Есiл ауданының әкiмi А.Бегманов