Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімі аппаратының 2012.05.22 N 02-05-1.4-2/328 хаты)
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 31-бабы 2-тармағына, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 Заңы 20-бабына, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65-жылдығын мерекелеу құрметіне аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Азаматтардың келесі санаттарына біржолғы материалдық көмек көрсетілсін:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне - 43260 теңге мөлшерінде;
қайтадан некеге тұрмаған Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің жесірлеріне - 7000 теңге көлемінде;
қоршау кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалiмен және «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгiсiмен наградталған азаматтарға - 7000 теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген жалданба құрамның тұлғалардың - 6000 теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысында қайтыс болған жауынгерлердің әйелдеріне - 5000 теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы Советтік Социалистік Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған тұлғаларға - 3500 теңге мөлшерінде;
1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда кемінде 6 ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) адамдарға - 2 000 теңге мөлшерінде;
2. Біржолғы материалдық көмекті төлеу 451- 020- 015 «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65-жылдығына орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, сондай-ақ оларға теңестірілгендерге, оның ішінде майдандағы армия құрамына кірмеген, 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 3 қыркүйегі аралығындағы кезеңде әскери бөлімшелерде, мекемелерде, әскери-оқу орындарында әскери қызметтен босатылған, запасқа (отставка) шыққан, «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалімен немесе «Жапонияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған әскери қызметшілерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда кемінде алты ай жұмыс істеген (қызметте болған) адамдарға біржолғы материалдық көмек төлеу» бюджеттік бағдарламасы бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
3. «Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі біржолғы материалдық көмек төлеуді қамтамасыз етсін.
4. Бірыңғай әлеуметтік көмек тағайындау зейнетақы және жәрдемақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық филиалының мәліметімен салыстырылған тұлғалардың тізімі негізінде «Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүргізіледі.
5. «Жамбыл ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі аудан бюджетімен бекітілген қаражаттандыру шегінде біржолғы материалдық көмекті қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қ. Сарбасовқа жүктелсін.
7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі С. Ыбыраев
Келісілген:
«Мемлекеттік зейнетакы төлеу орталығы»
Жамбыл бөлімшесінің бастығы О. Гайдук
2010 жылғы 12 сәуір